Автобустардың соқтығысуы: Дәрігерлер зардап шеккен азаматтардың жағдайы туралы айтты

0
534

Алматы қаласында №201 мен №98 жолаушылар автобусы соқтығысып, бірнеше адам жарақат алған еді.


Автобустардың соқтығысуы: Дәрігерлер зардап шеккен азаматтардың жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. 8 қарашада Алматы қаласында екі жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты орын алған еді. Дәрігерлер зардап шеккен азаматтардың айтып берді, деп жазады stan.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат орнына 9 жедел жәрдем көлігі жіберілген. 21 адам медициналық көмекке жүгінді.

“Қазіргі уақытта оқыс оқиға салдарынан 9 адам қалалық ауруханаларға жатқызылды, барлығының жағдайы орташа, тұрақты. 6 зардап шегуші жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 адам жеткізілді, көрсетілген медициналық көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаларға әрі қарай амбулаторлық емдеуге жіберілді”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына 7 адам түскен. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылса, бес адам амбулаториялық емге жіберілді.

“2013 жылғы науқас Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына қосарлас жарақатпен түсті. Жабық бас сүйек-ми зақымы. Мидың шайқалуы. Маңдай аймағы мен мұрынның көгерген жаралары. Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды”, – деп қосты басқарма өкілдері.

Айта кетейік, Алматы қаласында №201 мен №98 жолаушылар автобусы соқтығысып, бірнеше адам жарақат алған еді.