Ауызды бекіту арқылы иммунитетті күшейтуге болады: Нутрициолог өз кеңесімен бөлісті

0
1 326

​Карантин кезінде ораза ұстау адам ағзасына жағады.


Ауызды бекіту арқылы иммунитетті күшейтуге болады: Нутрициолог өз кеңесімен бөлісті

ERNUR.KZ. Нутрициология кафедрасының меңгерушісі, қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Майгүл Сейдоллақызы карантин кезінде ораза ұстау адам ағзасы үшін пайдалы екенін айтады. Маманның сөзінше, тіпті ауызды бекіту арқылы иммунитетті күшейтуге болады, деп хабарлайды Хабар24.

Тіпті ауызды бекіту арқылы иммунитетті күшейтуге болады. Нутрициология кафедрасының меңгерушісі, қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Майгүл Сейдоллақызы осылай дейді. Карантинде қозғалыс азаяды, сәйкесінше ішіп-жем мөлшерін кеміткеннің пайдасы бар. Тек бірнеше қағиданы ескерген жөн. Рациондағы тамақ құнарлығы ағзаға салмақ түсірмей, керісінше күш-қуат беретіндей дәруменге толы болуы тиіс. Сондықтан таңдауды фаст фуд өнімдеріне емес, ыстық ас-суға түсірген абзал. Сонымен бірге, нутрицолог маман сәреге дейінгі уақытта көбірек сұйықтықты тұтынуға кеңес береді.

– Таң сәресіне әр түрлі дәнді-дақылдардан жасалған өнімдер пайдалы. Соның ішінде арпа, сұлы, бидай, күріштен жасалған ботқалар болуы мүмкін. Немесе сорпалар болуы мүмкін. Және бұршақ тұқымдастары, әр түрлі үрме бұршақ күні бойы адамға тойымдылық қасиет береді және жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы, - дейді Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі Майгүл Сейдоллақызы.