Ауыл әкімдері 3 күндік семинар-тренингтен өтеді

0
465

3 күндік семинар-тренингке алғашқылардың бірі болып, Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстарына қарасты барлық ауылдық округтердің әкімдері қатысады.


Ауыл әкімдері 3 күндік семинар-тренингтен өтеді

иллюстрациялық фото

"AMANAT" партиясының бастамасымен, ауыл әкімдерін оқыту басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

3 күндік семинар-тренингке алғашқылардың бірі болып, Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстарына қарасты барлық ауылдық округтердің әкімдері қатысады. Тренингтің мақсаты - ауылдағы халықтың табысын арттыру, жұмыссыздық мәселесін шешу.

"Бұл бағдарлама ауылдағы адамдардың табысын арттыру мақсатында қолға алынды. Оны жергілікті жерде іске асыратын, әрине, бірінші сол ауылдың әкімі. Оларда белгілі бір бағыт, белгілі бір мақсат болады. Ал біз оларға сол мақсатқа жету құралдарын береміз. Осы 3 күндік семинар сабақта біз қалай жаңа жұмыс орындарын ашу керек, ауылды жерде қандай кәсіп бастау керек бәрін үйрететін боламыз", - дейді "AMANAT" партиясының саяси менеджмент академиясының директоры Данияр Мұқитанов.

Бірінші рет қолға алынған бұл шараға аталған аймақтардан 570 адам қатысуда. Оқу аяқталғаннан кейін әкімдер тест тапсырып, нәтижесіне қарай сертификаттармен марапатталады. Бұл бағдарлама жылдың соңына дейін еліміздің барлық аймақтарын қамтымақ.

""Аманат" партиясының жасап жатқан осы семинары біз ауылдың әкімдері үшін өте маңызды деп есептеймін. Өйткені, біз жергілікті жерлерде халықпен жұмыс жасаймыз және сол жұмысымызды дұрыс атқаруымыз керек. Сол мақсатта осы семинар нәтижелі болады есептеймін", - дейді Ерейментау ауданы, Сілеті ауылының әкімі Бекболат Мақшар.

"Экономикалық сауаттылық міндетті түрде қажет. Себебі халықтың тұрмысын арттыру үшін бізде жергілікті жерде скрининг-талдау жұмыстары жүргізілу керек. Талдау жасаудың нәтижесінде біз қорытынды алып, соның нәтижесімен жұмыс жасауымыз керек. Бүгінгі семинар сондай тәжірибені бізге береді деген үлкен сенімдеміз", - дейді Арал ауданы, Жақсықылыш кентінің әкімі Базылбек Берсүреп.