Атырауда мерекеде киіз үйлер байқауы өтіп жатыр​

0
1 643

Ұлы шара өтетін шаңырақтар, екіншіден бүгінгі ұрпақтың ғасырлар бойы ата-бабамызға пана болған қасиетті киіз үйдің қадірін таныту.


Атырауда мерекеде киіз үйлер байқауы өтіп жатыр​

ERNUR.KZ. Еліміздің мұнайлы өңірі де әз-Наурыз мерекесін кең көлемде тойлау үшін арнайы мерекелік бағдарлама әзірледі, деп жазады 24.kz.

Бүгін облыс орталығындағы «Бейбарыс» алаңында «Дәріптелген дәстүрім» атты киіз үйлер байқауы өтуде.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Бүгін халықтық мерекенің алғашқы шаралары Атырауда абсталды. Бүгін қалаға қатысты барлық елдімекендерде киіз үйлер көрмесі ұйымдастырылып жатыр. Бұл ертеңге ұлы шара өтетін шаңырақтар, екіншіден бүгінгі ұрпақтың ғасырлар бойы ата-бабамызға пана болған қасиетті киіз үйдің қадірін таныту. Байқауға қала бойынша 43 киіз ұсынылғын. Оның 20-дан астамы осы орталық Бейбарыс алаңында. Оларды арнайы комиссия қарап, бағаламақ. Мысалы, мен үшін мына біркерегесі мен уықтары құба талдан құрылған, дөдегелі алты қанат ақбоз үй әдемі секілді. Бірақ байқаудың бағасын беретіндер басқалар.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Мұндай байқаулардың қалаға қатысты барлық ауылдық округтердеөтіп жатқанын жаңа айттым. Бұл киіз үйлер ертеңгі ұлыстың ұлы күінінде қала қонақтары мен атыраулықтарға қызмет ететін болады. Киіз үйлер көше етіп тізіліп тігілген. Араларында алаңқайлар бар. Ол жерлерде ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оны жұртшылық тамашалайтын болады. Қорыта айтқанда мұнайлы өңір ертеңгі халықтық мерекені өз дәрежесінде өткізуге толықтай дайын.