​Атырауда мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар саны артты

0
748

Өңірдегі 167 мектептегі мектепалды даярлық сыныптарында 10 394 бала тәрбиеленеді.


​Атырауда мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар саны артты

Атырау облысындағы 70 010 баланың 44 585-і мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылды. Қазіргі таңда 3-6 жастағы балалардың білім алуында еш кедергі жоқ, оларды біліммен қамту кезең-кезеңімен жүзеге асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев Тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Мектепке дейінгі ұйымдардың және мектептердің желісін ұлғайту мәселесі жаңа оқу жылында да өзекті. Өткен жылы 7 мектеп, 9 балабақша пайдалануға берілді. Биылғы жылы 5 балабақша мен 10 мектеп пайдалануға берілді. Өңірдегі 167 мектептегі мектепалды даярлық сыныптарында 10 394 бала тәрбиеленеді. Кезектіліктің ең жоғары деңгейі Атырау қаласында, Құрманғазы және Мақат, Индер аудандарында байқалып отыр. Қазіргі кезде балабақша кезегін жою мақсатында қадам-қадаммен жұмыстар атқарылуда»- деді Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.