Атырау облысында тағы бір аудан орталығы карантинге жабылды

0
599

Қатаң бақылау 2 шілдеге дейін сақталады.


Атырау облысында тағы бір аудан орталығы карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында тағы бір аудан орталығы карантинге жабылды. Индербор кентінде бүгіннен бастап тәртіп күшейтілді, деп хабарлайды Хабар24.

Кентте 16 мыңға жуық халық тұрады. Қатаң бақылау 2 шілдеге дейін сақталады. Тұрғындардың жүріп тұруына, көпшілік шараларды өткізуге толықтай тыйым салынды.

Сондай-ақ кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының жұмысына да шектеу қойылды. Қазір ауданда қауіпті індетке шалдыққан 55 адам тіркелген.

Индербор кенті Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарын жалғап жатыр. Енді осы өңірлерге қатынайтын жолаушылар кент арқылы өте алмайды.


- Индербор кентіне кіру-шығу толықтай тоқтатылады. Барлық маршрут, жолушы тасымалы, жүк тасымалы жеке тұлғалардың автокөліктері арқылы жүруі Жайықтың Еуропа беті арқылы, яғни республикалық маңызы бар Атырау-Орал республикалық маңызы бар трассасы арқылы жүзеге асыралатындығын сіздерге хабарлағымыз келеді, - дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов.