Астанадан Ақтауға бет алған ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонды

0
633

Рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын 2 телефон қоңырауын немесе 2 электрондық пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігі ұсынылады.


Астанадан Ақтауға бет алған ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Flyarystan компаниясы мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«29 мамыр күні сағат 00:45-те КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды. Атап айтқанда, жедел қонуға қалың тұман себеп болған. Рейс Атырау қаласының жергілікті уақыты бойынша 29 мамыр сағат 10:00-де қайта ұшады. Біз кідірістердің алдын алу және рейстерді тоқтатуға себеп болатын жағдайларды жою үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Дегенмен бұл жағдайда рейстің кешігуі авиакомпанияның кінәсінен болып отырған жоқ», - делінген хабарламада.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын 2 телефон қоңырауын немесе 2 электрондық пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігі ұсынылады.

Ал, 4 сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ беріледі.

5 сағаттан аса кешіктірілгенде бір рет тегін әуе билеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан – Ыстанбұл бағытындағы ұшаққа найзағай түскен.