Астанада қос жұмысшы 14-қабаттан құлап кетті

0
531

Олардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды.


Астанада қос жұмысшы 14-қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Бүгін Астанадағы көп қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама түскен. Тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.