Апелляциялық сот танымал дәрігерді өлтірген адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

0
510

18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталды.


Апелляциялық сот танымал дәрігерді өлтірген адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

ERNUR.KZ. Апелляциялық сот гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп жазады tengrinews.kz.

"Үкім өзгеріссіз қалды, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады", - деп түсіндірді сот.

Еске салайық, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша 36 жастағы Нұржан Тұрсынбаев барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталды.