Алматының бірқатар саябағында электрсамокатпен жүруге тыйым салынды

0
437

Бұл туралы мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.


Алматының бірқатар саябағында электрсамокатпен жүруге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық кеңістіктер аумағында жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін кикшеринг компанияларымен бірлесіп жалға берілетін электрсамокаттардың жүруі шектелген аймақтарды белгіледі, деп жазады inbusiness.kz.

"Южный", 28 гвардияшы-панфиловшы, Мәдениет және демалыс, Тұңғыш Президент саябақтарында электрсамокатпен жүруге болмайды. Сондай-ақ, "Северный" скверінде және ҚБТУ алдында, Ботаникалық бақта, Арбатта (Жібек жолы даңғылы Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін) және Терренкурде шектеу қойылды. Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аумағында және Мақатаев, Желтоқсан мен Чайковский көшелерінің аумағында саябақта жылдамдық сағатына 10 шақырымға дейін шектеледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар барлық аталған учаскелерде және Төлебаев көшесінде электрсамокаттарды қалдыруға тыйым салынады деп айтылған.

Әкімдіктің мәліметінше, шектеулер электрсамокаттарды жалға беру қызметін ұсынатын компаниялардың қосымшасында көрсетіледі.

"Самокатты қолданушылар ережелерді сақтап, адамдар көп жиналатын орындарда жоғары жылдамдықпен жүрмеуін сұраймыз", - деп хабарлады әкімдік.