Алматыдағы жол апаты: жасөспірім мерт болды

0
1 123

Жүргізуші ауруханада жатыр.


Алматыдағы жол апаты: жасөспірім мерт болды

ERNUR.KZ. 26 қаңтарда түнде Алматыдағы Сүйінбай даңғылының бойында №13 әскери қалашық маңында жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады tengrinews.kz.

"BMW көлігінің жүргізушісі даңғыл бойымен оңтүстікке қарай келе жатқан. Шамасы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Көлік сырғанап, ағашқа соғылды. Содан кейін инерциямен шам бағанасына соқтығысты", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

2004 жылы туған жүргізуші ауыр жарақат алған. Оны жедел жәрдем бригадасы 4-қалалық ауруханаға жеткізген. Ал 17 жастағы жолаушы алған жарақаты салдарынан оқиға болған жерде мерт болды.

Бұл деректі тергеумен Алматы полиция департаменті анықтау басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр.