Алматыдағы нөсер жаңбыр кезінде жас қызды ағын су алып кеткен

0
1 326

Желіде таралған видеода қыздың лай сумен төмен қарай тез ағып келе жатқанын байқауға болады.


Алматыдағы нөсер жаңбыр кезінде жас қызды ағын су алып кеткен

ERNUR.KZ. Алматыдағы нөсер жаңбыр кезінде жас қызды ағын су алып кеткен. Жолда тұрған жігіт оны судан шығарып алып, құтқарды, деп жазады Stan.kz.

Желі қолданушысы оқиға Ақсай 5 ықшамауданында нөсер жауған кезде түсірілген (Момышұлы/Марғұлан көшелерінің қиылысы) жазды.

Желіде таралған видеода қыздың лай сумен төмен қарай тез ағып келе жатқанын байқауға болады.

“Арықтар толып кеткендіктен, қызды ағын алып кеткен. Қуанышқа орай жігіт оны суырып үлгерді, әйтпегенде оны жол астындағы құбырға бұрып әкетер еді”, - деді желі қолданушысы.