Алматыдағы митинг қайғылы жағдаймен аяқталды: Жол жабылғанына наразы болған ер адам төбелесте қаза тапты

0
917

Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Алматыдағы митинг қайғылы жағдаймен аяқталды: Жол жабылғанына наразы болған ер адам төбелесте қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматыда ер адам қаланың тығыздалған құрылысына қарсы наразылық акциясына шығамын деп адам өлтіріп қойды, деп жазады Stan.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 11 маусымда бір топ азамат Гагарин көшесінің көлік жүретін бөлігін жауып тастаған.

Жолды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірдіңдер” деген 48 жастағы К. есімді автокөліктердің бірінің жүргізушісі рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі 1980 жылы туған М. есімді азаматпен қақтығысып қалған. Ақырында М. оған дене жарақатын салып, жәбірленуші кейіннен қайтыс болды”, – делінген хабарламада.

М. есімді азаматтың іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі "абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қаралып жатыр.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.