Алматыдағы дәмханалардың бірінде тұрғындардың үстіне ағаш құлады

0
378

Оқиға 25 мамырда болған.


Алматыдағы дәмханалардың бірінде тұрғындардың үстіне ағаш құлады

ERNUR.KZ. Алматыдағы "Аккунин" дәмханасының жазғы аумағында ағаш құлады, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 25 мамырда болған.
"Сағат 22.15-те Алматы қаласының құтқару қызметіне (ССА) Абай даңғылы, 21 мекенжайындағы "Акунин" дәмханасының жазғы аумағына ағаш құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқару қызметі мен Медеу әкімдігінің мамандары тексеруге шықты", - дейді ведомстводағылар.
Дәмханадағы құлаған ағашты шұғыл экипаж мамандары ертеңіде таңертең тазалады. Жұмысты жеке құрамның 4 құтқарушысы және 1 техника бірлігі жүргізген. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы қаласының экологтары құлаған ағашты тексерген.
"Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының қызметкерлері Абай даңғылы, 21 мекен-жайы бойынша құлаған ағаш діңін тексерді. Визуалды тексеру барысында ағаштың қанағаттанарлық жағдайда екендігі анықталды. Құлау себебін анықтау үшін ғылыми қызметкерлерді тарта отырып, сараптама жасалады. Қорытынды нәтижелері кейінірек ұсынылады", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.