Алматыдағы автобус апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

0
411

Жол-көлік апатынан кейін алты науқас №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.


Алматыдағы автобус апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Жол-көлік апатынан кейін алты науқас №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

«Біздің нейрохирургия бөлімшесіне төрт адам түсті - екі әйел және екі ер адам. Жағдайлары тұрақты, орташа ауыр. Консервативті ем қабылдап жатыр. Барлығында бас ми жарақаттары бар. Кейбір науқастарда ретроградтық амнезия бар. Бұл есте сақтау қабілетінің жоғалуы. Оның ішінде жүргізуші де бар», – дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұржан Әжібеков.

Аталған аурухананың қосарланған жарақат бөлімінде тағы екі адам жатыр.

«Біздің бөлімшеде екі науқас бар - ер адам және әйел. Екеуінің де жағдайы тұрақты. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Біз барлық қажетті көмекті толық көлемде көрсетеміз. Науқастарға бас-ми жарақаты, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы, кеуде қуысының жарақаты диагнозы қойылды. Олар жүреді, өз бетінше қозғалады», - деп қосты №4 қалалық клиникалық аурухананың қосарланған жарақат бөлімінің меңгерушісі Дәурен Түсіпов.

Еске салайық, 8 қараша күні Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.