Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды

0
439

Ресей Федерациясының 21 жастағы азаматы жауапқа тартылды.


Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ондағы деректерге қарағанда, Алматы қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Ресей Федерациясының 21 жастағы Т. есімді азаматының жауапқа тартылғанын хабарлайды.

Жергілікті Полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырды: ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі мен ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі.