Алматыда жол апатынан бойжеткен көз жұмды

0
371

Қайғылы оқиға Сүйінбай даңғылында болған.


Алматыда жол апатынан бойжеткен көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жолаушылар орындығында отырған қыз қаза болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға «13-әскери қалашық» ықшамауданына жақын жерде, Сүйінбай даңғылында болған.

BMW 3 автокөлігі даңғыл бойымен солтүстік бағытта келе жатқанда жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Артынша қатты соққыдан жаяу жүргіншілер жолағына шығып, сол жерде көше шамын құлатып, бақылау камералары орнатылған бағанаға соғылған.

«Қатты соққы көліктің жолаушылар жағында болғандықтан, апат салдарынан бойжеткен қыз көз жұмды. Жүргізуші жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.