Алматыда жапырақпен жабылған шұңқырдан адам денесі табылды

0
403

Полицейлері кісі өліміне қатысты қылмыстың бетін ашты.


Алматыда жапырақпен жабылған шұңқырдан адам денесі табылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының патрульдік полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысты қылмысты «ізін суытпай» ашты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, құрамында полицей Шыңғыс Нұрахметов, Мәди Белгібаев, Шухрат Біләлов және Наурызбай Дәнекеев болған «Боран-292» патрульдік экипажы кісі өлтірушіні ұстады.

«Түрксіб аудандық Полиция басқармасына адамның жоғалғаны туралы арыз келіп түсті. Туыстарының айтуынша, ер адам досына барып келемін деп кетіп, қайтып оралмаған. Сыртқы қызметтердің жеке құрамы арасында іздеуде жүрген адамның белгілері бар бағдар дереу таратылды. Белгіленген аумақты жетік білетін патрульдік полиция қызметкерлеріне бірінші кезекте тұрмысы нашар үйлерді тексеру қиынға соққан жоқ. Үйлердің бірінің ауласында топырақ пен жапырақ басқан шағын шұңқырдан зорлықпен өлтірілген жоғалған адамның денесі табылды», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.

Қылмыс орнында инспекторлар сол үйде тұратын күдіктіні ұстады.

«Ол кісі өлтіруді бірге ішімдік ішкеннен кейін жасаған. Алдымен ер адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан», - деді полиця өкілі.

Сонымен қатар Алматы қалалық ПД Кадр саясаты басқармасы хабарлағандай, Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ауыр қылмыстың бетін «ізін суытпай» ашқаны үшін патрульдік полиция полкінің инспекторлары марапатталды.