Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде өрт шықты

0
304

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.


Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде өрт шықты

ERNUR.KZ. Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді, деп жазады tengrinews.kz.

Өрт 10 қараша күні түс ауа Масанчи көшесі мен Абай даңғылы қиылысына жақын маңда шыққан. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.ТЖД мәліметінше, өрт сөндірілген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салынып жатқан нысанда басталған. Ақпарат нақтыланып жатыр. Сағат 15.13-те өрт ауыздықталды. Өрт аумағы 30 шаршы метр", - деді ведомство өкілдері.