Алматыда жаңа асфальт опырылып, автобус шұңқырға түсіп кетті

0
468

Опырылған жолдың суреті желіде жарияланды.


Алматыда жаңа асфальт опырылып, автобус шұңқырға түсіп кетті

ERNUR.KZ. Алматыдағы Алатау ауданында жаңа асфальт опырылып кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Опырылған жолдың суреті желіде жарияланды.

«Қайырлы таң! Алатау ауданы, «Мәдениет» («Рахат») ықшам ауданында не болып жатқанын жариялаңыздаршы. Бәрі опырылып жатыр. Бізде ешқашан жол жөнделген емес. Тек жамаудың үстіне жамау. Оны да жоғарыдан біреу келгенде ғана жасайды. Тіпті жаяу жүретін жол да жоқ, бәрі жарамсыз. Көліктер мен автобустар өте алмайды», – делінген Instagram-дағы kris.p_kz парақшасында жарияланған жазбада.

Алматы қаласы әкімдігінің Энергетика басқармасы оқиға жайлы хабардан болып шықты:

«Связьстроймеханизация» ЖШС мердігер ұйымы басшылығының бұйрығымен 2019 жылы кепілді міндеттеме негізінде «Рахат» («Мәдениет») шағын ауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Ақаулар сигналдық таспамен қоршалған. Жақын арада жөндеу жұмыстары болады», – деді басқармадағылар.