Алматыда мемлекеттік туды қоқыс шығару үшін қолданған – видео

0
721

Алматыдағы аудандардың бірінде сенбіліктен кейін келеңсіз оқиға болды.


Алматыда мемлекеттік туды қоқыс шығару үшін қолданған – видео

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қоқыс салынған мемлекеттік ту тиелген жүк көлігінің видеосы тарап жатыр, деп жазады Sputnik.kz.

Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Алматының Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде сенбілік өтіп жатқан жерде болған.
Қоқыс шығаруға арналған қап орнына Қазақстанның мемлекеттік туын қолданған.
Еске салсақ, мамыр айының соңында Shiza ретінде танымал қазақстандық артист сахнаға мемлекеттік туды алып шығып, балағат сөз айтқаны қоғамда дау туындауына себеп болды.
Концерттен үзінді әлеуметтік желіде кең таралып, қазақстандықтардың наразылығын тудырды.
Концерттен кейін "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі бейнеүндеу жолдап, концерттегі оғаш әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.
Айта кету керек, қазақстандықтарға 2020 жылға дейін туды тіпті балконға ілуге рұқсат берілмеген. Осы жылы мемлекеттік рәмізді өз балконнына ілгені үшін 396 400 теңге айыппұл төлеген азамат бұл шешіммен келіспей, әлеуметтік желі қолданушыларының қолдауына ие болып, әділетсіз заңмен күресуге кірісті.
Нәтижесінде Қазақстанда туды қолдану ережелері қайта қаралды.
Қазақстанның Мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті таныту, еліміздің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады.
Сондай-ақ тудың өлшеміне қарамастан, ол ұлттық стандартқа сәйкес болуы керек екенін ескеру қажет. Туды жеке және заңды тұлғалардың ұлттық стандарт талаптарын бұзып пайдалануына жол берілмейді.
Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік туды заңсыз дайындағаны үшін айыппұл қарастырылған.
Мемлекеттік туды қорлау нысанасы ретінде пайдалануға болмайды.