​Алматыда лифт шахтасына құлаған азамат жансақтау бөлімінде жатыр

0
1 396

Алматы қаласында жеті қабатты тұрғын үйдің лифтісінен ер адам құлады


​Алматыда лифт шахтасына құлаған азамат жансақтау бөлімінде жатыр

фото: NUR.KZ

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында ер адам лифт шахтасына түсіп кетіп, бес қабат төменге құлаған. Қазіргі уақытта ол жан сақтау бөлімінде жатыр, деп жазады. NUR.KZ.

Оқиға 7 тамыз күні "Ақбұлақ" ауданындағы жеті қабатты үйлердің бірінде болған.

Тұрғындардың бірі Динара Нуспекованың айтуынша, ер адам сол күні бесінші қабатқа лифт шақырған. Ол келген кезде азамат бірден ішіне кіріп кетіпті. Алайда, ол кезде ішінде кабина болмапты.

Нәтижесінде, үй тұрғыны бірінші қабатқа бір-ақ түскен. Оны шахтадан әрең дегенде шығарып алыпты.

Бұл оқиғадан соң лифтті жауып тастапты, ал еденде қан іздері қалып қалған екен.

Динараның айтуынша, біреулер трагедиялық жағдайды барынша жасыруға тырысып жатыр.

Тілшілер "Алматылифт" ЖШС басшылығымен хабарласа алмады.

Ал Қазақстан Респубилкасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы Руслан Иманқұлов құтқарушыларға еш хабар келмегенін айтты.

Алматы Ішкі істер департаменті де бұл оқиғадан бейхабар болып шықты. Әзірге бұл жағдай жұмбаққа толы болып отыр.