Алматыда лифт батырмасына әдейі түкірген бұзақы жауапқа тартылды

0
834

Бұл әркетін ашу үстінде жасағанын айтты.


Алматыда лифт батырмасына әдейі түкірген бұзақы жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы тұрғын үй кешеніндегі лифт батырмасына түкірген белгісіз жігіттің видеосы таралды. Бұзақыны қала полициясын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның әрекеті «Алатау сити» тұрғын үй кешеніндегі лифтінің бақылау камерасына түсіп қалған.

«Оның аты-жөні кім екендігі анықталды, ол полицияға жеткізіліп, ҚР ӘҚБК 434-бабындағы (ұсақ бұзақылық) құқық бұзушылық белгісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберілді», – деп мәлімдеді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Бұзақы істеген әрекетіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады.

- деді А. есімді жігіт.

"Ашулы күйде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын" – деді А.есімді тұрғын.