Алматыда құтқарушылар қолы еттартқышта қалып қойған ер адамды құтқарды

0
410

42 жастағы ер адам котлет шығаратын цехта жұмыс істеген.


Алматыда құтқарушылар қолы еттартқышта қалып қойған ер адамды құтқарды

ERNUR.KZ. Алматыда құтқарушылар еттартқыштан ер адамның қолын алып шықты, деп жазады tengrinews.kz.

42 жастағы ер адам котлет шығаратын цехта жұмыс істеген. Ол еттартқышқа ет салып жатқанда қолы қысылып қалған. Аппарат үздіксіз жұмыс істегендіктен, ер адам қолын тартып үлгере алмаған.

"2023 жылдың 26 қаңтарында құтқарушылардың кезекші бөліміне осы жағдай туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында 7 құтқарушыдан тұратын жедел топ дереу шығып кетті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамның қолын еттартқыштан шығаруға кірісті. Психолог-құтқарушы психологиялық көмек көрсетті. Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін зардап шегуші жедел жәрдем қызметіне ауыстырылды", - делінген хабарламада.