Алматыда көлік ұрысы өз-өзіне қол салды: Желіде тағы бір видео пайда болды

0
1 252

24 қаңтарда Алматыдағы "Кар Сити" базары аумағында көлік ұрлап, жол апаты кезінде көзге түскен күдікті өзіне пышақ жұмсаған.


Алматыда көлік ұрысы өз-өзіне қол салды: Желіде тағы бір видео пайда болды

ERNUR.KZ. Қалалық полиция қаскөйдің орынсыз әрекеті түсіп қалған көлік иесінің видеосын ұсынды, деп жазады zakon.kz.

Видеода қолына кеңсе пышағын ұстаған ұры алдымен көшеде тұрған көліктің есігін ашуға тырысады, бірақ жүргізуші есікті жауып алып, оған мүмкіндік бермейді. Қашып бара жатып, ол ізіне түсушіге қарап қарнын ашып, пышақты жақындатады.

Негізінен, ол жол апаты орнынан қашқан. Ары қарай өзгенің көлігіне отырып, оған да кеңсе пышағын көрсетіп, тез жүруді сұрайды. Полиция жасағы оны қуып жетіп, қолындағы пышағын алды. Алайда ол өз-өзіне бірнеше рет суық қаруды жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта, полицияның мәліметінше, ұсталған адам медициналық мекемеге орналастырылған.

Палатаның жанында күзет қойылды. ҚР ҚК-нің 200-бабы, яғни "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы анықталу үстінде.