Алматыда ішінде жүкті келіншек болған жеделсаты 13-қабаттан төменге құлаған

0
488

Қазіргі уақытта зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіліп жатыр.


Алматыда ішінде жүкті келіншек болған жеделсаты 13-қабаттан төменге құлаған

ERNUR.KZ. Алматыда Құсайынов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жеделсаты 13-қабаттан төменге құлдилай құлаған. Жеделсаты ішінде жүкті келіншек болғаны айтылады, деп жазады zakon.kz.

Оқиға орнына қалалық ТЖД қызметкерлері мен дәрігерлер шұғыл келіп жетті.

Zakon.kz дерек көзінің мәліметінше, құлаған жеделсатыны 14-қабатқа қайта көтеріп қойған.

Жүкті келіншек тірі. Ол қатты шошынып қалған. Өйткені бір сәтте жеделсаты бар жылдамдықпен төменге құлдилай жөнелген. Дегенмен ол өзін жақсы сезінеді.

Қазіргі уақытта зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіліп жатыр.