Алматыда "барахолкадан" өрт шықты

0
559

Алдын ала мәлімет бойынша базардағы контейнерлер отқа оранған.


Алматыда

ERNUR.KZ. Алматыда "барахолка" базарынан өрт шықты. ТЖД күштері Жетісу ауданы, Солтүстік айналым, 7 Б мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді, деп жазады sputnik.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша базардағы контейнерлер отқа оранған.
Мамандар дереу өртті сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Өрттің неден шыққаны және қанша контейнер өртенгені белгісіз.
Мән-жайды ТЖД мамандары анықтап жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.