Алматыда автобустар соқтығысқан жол апаты: қаза тапқан адам туралы тың мәлімет айтылды

0
599

Қаза болған адам №98 автобуста тағылымдамадан өткен болып шықты.


Алматыда автобустар соқтығысқан жол апаты: қаза тапқан адам туралы тың мәлімет айтылды

ERNUR.KZ. Алматыда екі автобус соқтығысуы салдарынан қаза тапқан ер адам туралы тың мәліметтер анықталды, деп жазады tengrinews.kz.

Қаза болған адам №98 автобуста тағылымдамадан өткен болып шықты. Ол соқтығысқан кезде автобус терезесінен құлап кеткен деп болжанып отыр.

"Жол апаты кезінде №98 автобуста тағылымдамадан өтуші болған. Ол жұмысқа енді кірген. Тергеу мүддесіне байланысты ештеңені аша алмаймыз. Марқұм бізде тағылымдамадан өтуші болғаны туыстары іздеп, қоңырау шала бастағанда белгілі болды", - деді City-Bus ЖШС директоры Егор Жиглов.
Компания өкілі ол сол күні автопаркке келмегенін айтты. Автопарк мәліметінше, барлық ақпарат ішкі тергеуден кейін берілген.
"Біздің білуімізше, ол 8 қарашада 98-бағыттағы автобуспен "Көлік холдингіне" құжаттар алуға бара жатқан", - деді автопарк өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның жаяу жүргінші екені айтылған еді.