Алматы зообағындағы аңдар Аяз атадан сыйлық алды

0
956

Жаңажылдық сыйлықтарға жануарларымыз қуанып қалды, – дейді зообақ мамандары.


Алматы зообағындағы аңдар Аяз атадан сыйлық алды

ERNUR.KZ. Тек адамдар ғана емес, жануарлар да сыйлық алғанды жақсы көреді. Аяз ата Алматы зообағындағы аңдарға жаңажылдық сыйлықтарды өзі табыстады, деп жазады baq.kz.

Алматы зообағының баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңыр аю Ақжолтай мен Лео атты қабыланға – ойыншық бөшкелер, сауытты аңға – теннис доптары, түйелерге – шөп, тотықұстарға – үйшіктер сыйға берілген.

Жаңажылдық сыйлықтарға жануарларымыз қуанып қалды, – дейді зообақ мамандары.