Алматы полициясы Рамиль Мухоряповтың үстінен іс қозғалғанын растады

0
494

Chocolife басшысы Рамиль Мухоряповтың қазақ тілі туралы Ресейден келгендермен кездесуінде жасаған мәлімдемесі қазақстандықтардың ашуына тиді.


Алматы полициясы Рамиль Мухоряповтың үстінен іс қозғалғанын растады

ERNUR.KZ. Алматы қалалық ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік, дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалғаны жөніндегі ақпаратты растады, деп жазады zakon.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасында Алматы қалалық полиция департаментінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелген іс бар, – делінген редакция сауалына берген Полиция департаментінің жауабында.

Бұл ретте полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаға іс жүргізу әрекеттерін жасау және процессуалдық шешімдер қабылдау туралы өтінішхатпен тек қылмыстық процеске қатысушылар ғана жүгінуге құқылы екенін түсіндірді.

Осыған байланысты Полиция департаменті істің мән-жайын айтудан бас тартып, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе, прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін екенін атап өтті.

Chocolife басшысы Рамиль Мухоряповтың қазақ тілі туралы Ресейден келгендермен кездесуінде жасаған мәлімдемесі қазақстандықтардың ашуына тиді.