Алматы әуежайында ұшақтарға жанармай құю шектелді

0
496

Айта кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Ақтау және Ақтөбе әуежайларында жанармай таусылып жатқанын SCAT әуекомпаниясы хабарлаған болатын.


Алматы әуежайында ұшақтарға жанармай құю шектелді

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайы авиациялық жанар-жағармай тапшылығына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz

"Алматы халықаралық әуежайының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейсіне жанармай құю көлемін шектеу және бірреттік чартерлік рейстерге жанармай құюды тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар Қазақстандағы авиациялық жанармай тапшылығына байланысты қабылданды",- деді Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің жетекшісі Найля Жабагина.

Айта кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Ақтау және Ақтөбе әуежайларында жанармай таусылып жатқанын SCAT әуекомпаниясы хабарлаған болатын.

Олардың мәліметінше, Нұр-Сұлтаннан шығатын рейстер 19 қазанда тоқтап қалудың аз-ақ алдында тұрған. Соған байланысты компания екі еселенген тариф бойынша аз мөлшерде отын сатып алған. Алайда ол екі күнге ғана жетеді.

Бұдан соң Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі энергетика министрлігімен бірлесе отырып, Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысы жанданғанша зауыттардан, жеке компаниялар мен "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС-дан әуе компаниялары мен әуежайларға отын жеткізу кестесін әзірлейтіндерін мәлімдеген.

Министрліктің мәліметінше, Алматы әуежайындағы 5,4 мың тонна отын қалды. Тағы 4 мың тонна жеткізіледі. 5,8 мың тоннаға келісімшарт жасалды.

Ал Эйр Астана әуе компаниясында 7,4 мың тонна, SCAT әуе компаниясында 1,7 мың тонна отын қалған. 1,5 мың тоннаға келісімшарт жасалды.

"Тұрақты әуе рейстерді үздіксіз орындала береді", - делінген мәлімдемеде.