Ақтөбеде оқушыны көлік қағып өлтірді

0
667

"Хундай" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар қызды қағып кеткен.


Ақтөбеде оқушыны көлік қағып өлтірді

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласы маңындағы "Жаңа қоныс" ауылында жеткіншекті көлік қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 22 мамырда болды. "Хундай" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар қызды қағып кеткен.
"Апат салдарынан кәмелетке толмаған қыз ауруханада қайтыс болды. Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші қамауға алынды", - дейді ведомство.
Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуды және жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.