Ақтөбеде алты жасар баладан қызылша ауруы шықты

0
528

Бала өткен аптада Түркиядан ұшып келген.


Ақтөбеде алты жасар баладан қызылша ауруы шықты

ERNUR.KZ. Облыстың санитар мамандарының айтуынша, бала өткен аптада Түркиядан ұшып келген. Ұшақта болған 115 адам медициналық бақылауға алыныпты, деп жазады inbusiness.kz.

"2017 жылы туған бала. Түркияда ауру адаммен қатынаста болған, кейін Ақтөбе қаласына ұшып келген. Біз қазір тиісті шараны атқарып жатырмыз. Қызылша- тез тарайтын жұқпалы ауру. Таралу жылдамдығы коронавирустан да жоғары. Ауа тамшылары арқылы таралады. Мұрын жұтқыншағынан қанға еніп, артынан денені қызыл бөрткен басады. Індеттің алдын-алудың бірден бір жолы- вакцина. Ең бастысы – науқаспен контактте болған адамдар (30 жасты қоса есептегенде) вакцина алмаған болса, міндетті түрде 72 сағаттың ішінде егілуі тиіс", - деді Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақта 3263 бала вакциналанбаған. Оның ішінде 2504-і қызылша, паротитке қарсы екпе алмаған.