Ақтөбе тұрғыны қонаққа бару үшін жедел жәрдем көлігін айдап кеткен

0
518

Ақтөбе тұрғыны ішімдік ішіп алып, медициналық мекеменің жедел жәрдем көлігін заңсыз айдап кеткен.


Ақтөбе тұрғыны қонаққа бару үшін жедел жәрдем көлігін айдап кеткен

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері Өрлеу ауылының маңында жол ережесін бұзған "Уаз" автокөлігін тоқтатты, деп жазады Экспресс К.

Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан кезде 29 жастағы ер адамның мас екенін байқаған.Тексере келгенде тұрғынның бұрын көлік жүргізу құқынан айырылғаны және көліктің медициналық ұйымға тиесілі екені белгілі болды. Жүргізуші мекеменің штатық қызметкері болмаса да көлікті заңсыз айдап, Өрлеу ауылындағы таныстарына қонаққа кеткен.

Қазір аталған дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.