Ақтауда әкесінің үш баласын өлтіруіне қызғаныш себеп болуы мүмкін – прокуратура

0
420

2023 жылғы 23 наурыз күні Ақтауда пәтерлердің бірінен үш бала өлі күйінде табылды.


Ақтауда әкесінің үш баласын өлтіруіне қызғаныш себеп болуы мүмкін – прокуратура

ERNUR.KZ. Ақтауда әкесінің үш баласын өлтіруіне қатысты атышулы істе жаңа мәліметтер пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Прокурорлар ер адамның мұндайға баруына балаларын қызғануы себеп болуы мүмкін деп санайды.

Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегеновтің айтуынша, іс отқа жолданды. Тергеу екі айға созылды. 36 жастағы ер адамға 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

"Облыс прокуратурасының зерттеу қорытындысы бойынша айыпталушы Есеновке қатысты 99-баптың 3-бөлігі ("Кәмелетке толмағандарды өлтіру") бойынша айыптау актісі жасалып, сотқа жіберілді. Кінәлі адамның әрекетіне бағаны сот береді", - деді Данияр Төлегенов.

2023 жылғы 23 наурыз күні Ақтауда пәтерлердің бірінен үш бала өлі күйінде табылды. Күдікті ретінде балалардың әкесі ұсталды.