Әбілязовты қолдаса бір сағатта табасыздар, бізді қорласа өмірі таппайсыздар - депутат

0
401

Өз кезегінде Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев заңсыз контентпен жұмыс екі бағытта жүргізілетінін айтты.


Әбілязовты қолдаса бір сағатта табасыздар, бізді қорласа өмірі таппайсыздар - депутат

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Мұсабаев фейк парақшаларды табудың жолдарын сұрады, деп baq.kz.

Самат Мұсабаев фейк парақшалар арқылы әлеуметтік желіде адамдарды қорлайтындарды табу уақыты мен мүмкіндігін сұрады.

Бұл заң әлеуметтік желіде халықтың құқығын қорғауға бағытталған. Осы заң аясында фейк аккаунттарды анықтау мүмкін бола ма? Екіншіден, Бас прокуратура өкіліне сұрағым бар. Мысалы, Әбілязовты қолдап біреу жазса, бір сағаттың ішінде тауып аласыздар. Ал біз сияқты азаматтарды қорлап жазса, өмірі таба алмайсыздар. Осыған не кедергі? Техника жағынан кедергі бар ма? - деді Самат Мұсабаев.

Депутаттың бірінші сұрағына Айдос Сарым жауап берді.

Егер өкілетті орган онлайн-платформалардың басшылығымен тиісті қарым-қатынасты орнататын болса, кез келген аккаунтты табуға болады, - деді ол.

Өз кезегінде Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев заңсыз контентпен жұмыс екі бағытта жүргізілетінін айтты.

Біріншісі – заңның сақталуы барысында жауапкершілікті арттыру. Екіншісі техниканың мүмкіндігіне байланысты. Бізде заңның қолданылуы мен сақталуы бойынша прокуратурада қызметкерлер бар. Ал техника жағы біздің құзырымызда емес. Жаңа біреуі дереу табылады, кейбіреуі табылмайды деген мәселе заңмен шектелген ұйымның жақтастары өздерінің ұйымының атын жасырмайды. Сол бойынша заңға тартылып жатыр. Ал фейк аккаунттардан адамдарды қорлауды табу Ұлттық қауіпсіздік пен Ішкі істер министрлігінің құзырына жатады, - деді ол.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап жатыр.