50 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды - Антикор

0
586

Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.


50 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды - Антикор

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 50 миллион теңге пара алған журналисті ұстағанын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
“3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды", - дейді Антикор өкілдері.
Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.