1 маусымнан бастап дәрігерлердің жалақысы 30%-ға көтеріледі – Тоқаев

0
1 169

Президент айтып өткендей, медицина саласының инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарды.


1 маусымнан бастап дәрігерлердің жалақысы 30%-ға көтеріледі – Тоқаев

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында медицина өкілдерімен кездесуі өтуде, деп жазады Zakon.kz.

Президент айтып өткендей, медицина саласының инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарды. 219 жаңа аурухана, 1200-ге жуық жаңа заманауи емхана мен амбулатория салынды. Азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы 6 жылға өсті.

Бүгінде республикалық клиникалар бұрын тек шетелде ғана жасалатын күрделі операцияларды орындауда.

– Сапалы медициналық қызмет әрбір азамат үшін толық көлемде қолжетімді болуы керек. Дәрігер мамандығының мәртебесін көтермей, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мүмкін емес. Сондықтан 2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласындағы жұмысшылардың жекелеген санаттары бойынша, оның ішінде дәрігерлердің жалақысы 30%-ға дейін көтеріледі. 2019-2021 жылдары еліміздің 7 өңірінде 10 медициналық ұйым құрылысына шамамен 120 миллиард теңге бөлінеді, – деді ҚР Президенті