ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: Биыл да ғаламат гаджеттер жарыққа шығады

0
5 230

Әрбір жыл жарқын жаңалықтарға толы болатыны айқын.


ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: Биыл да ғаламат гаджеттер жарыққа шығады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әне-міне дегенше 2022 жылдың бірнеше айы артта қалды. Демек, біз жақында биылғы жылдың жаңалықтарымен таныса бастаймыз. Әсіресе, өндірушілер өз гаджеттерін нарыққа шығаруға асығып отыр. Ал, олар қандай құрылғылар?


Microsoft Surface Pro 8 2-in-1 ноутбугы

Бұл тізімдегі алғашқы гаджет – планшет әрі ноутбук қызметін атқара алатын Microsoft корпорациясының жаңа әмбебап өнімі. Гаджет 11-ші буындағы қуатты Intel Core процессорларымен және толық қуаты 16 сағатқа жететін батареямен жабдықталған. Салмағы 900 ғана граммды құрайтын ноутбук салыстырмалы түрде өте жеңіл құрылғы болып саналады. Microsoft компаниясы биыл бұл гаджеттерді біздің елімізге де әкеледі деген болжам бар.



Samsung Galaxy S22 флагмандық смартфоны

2021 жылы Samsung Galaxy S21 смартфоны шыққаннан кейін, 2022 жылы оның жетілдірілген түрі өндірілетіні белгілі. Яғни, 2022 жылдың алғашқы жартысында біз компанияның жаңа Galaxy S22 смартфонын сатып ала аламыз.

Ол телефон 6,8 дюймдік AMOLED QHD + дисплейімен жабдықталады және камерасы сол экранның астында болады. Демек, компанияның 2021 жылғы жиналмалы Samsung Galaxy Z Fold3 гаджетіне ұқсас болмақ.

Сондай-ақ, смартфонға 108 мегапиксеьді HM3 камерасы орнатылады деп жоспарланған. Одан бөлек, 12 мегапиксельді кең бұрышты камера, 3 есе үлкейтетін 10 мегапиксельді камера және 10 есе үлкейтетін 10 мегапиксельді камерасы болады. Құрылғы алдыңғы нұсқасы сияқты S Pen қаламымен бірге шығады деп күтілуде.



Apple iPhone 14

iPhone – бұл адамзаттың ең құмар, ең жиі армандайтын смартфоны. Мысалы, біз соңғы 5-6 жыл көлемінде көптеген керемет Apple құрылғыларын ұстап көрдік. IPhone 6 сериясынан бастап компания өзінің смартфондарына арналған жаңа дизайн мен стратегияны ойлап тауып, ол дизайн iPhone 10 үлгісімен аяқталды. Содан соң Apple жақтаусыз кескінді дисплейді ұсынып, сол дизайн әлі де жаңа iPhone-дарға қолданылуда. Жаңадан шығатын iPhone 14 смартфоны да осы үлгімен өндіріледі деп жоспарланып отыр. Смартфон 120 Гц ProMotion дисплейімен жабдықталып, экранның астында саусақ ізінің сканері болады. Жаңа iPhone ProRes форматында бейнелер жаза алады. Бұл жоғары нәтиже.

Айта кетсек, iPhone 14 смартфоны 2022 жылдың қыркүйегінде жарыққа шығады деп күтілуде.



OnePlus 9RT

Смартфон әлеміндегі қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі OnePlus нарыққа жаңа өнімдерін шығаруға дайын. Олардың жаңа OnePlus 9rt гаджеті OnePlus 9 сериясының «ізбасары» деп атауға болады. Компанияның мәліметіне сүйенсек, ол өте керемет және қуатты сипаттамаларға ие.

OnePlus 9rt керемет құрылғы болғанымен, былтырғы үлгісіне ұқсас тұстары көп болмақ. Камералары жаңарып, салмағы ауырлайды және LTPO OLED дисплейімен жабдықталады. Ал, басқа мәліметтер әзірге қолжетімсіз.



Microsoft Surface Duo 3

Duo сериясы – Microsoft корпорациясының көптен күткен телефоны. Негізі бұл смартфон туралы қауесет 2019 жылы басталған. Бірақ, компанияның өзі ол кезде бірде-бір мәлімдеме жасамаған. Тек 2021 жылы ғана жаңа құрылғыларының 2 үлгісін жарыққа шығарды. Ал, 2022 жылы осынай керемет гаджеттің үшінші нұсқасы өндірілмек.

Ол смартфон 5,6 дюймдік AMOLED дисплейімен, 6 ГБ жедел жад және Snapdragon 855 процессорымен жабдықталады.



iPhone SE 2 Plus

Apple компаниясы 2022 жылы тағы бір смартфон шығаруы ықтимал. 5,5 дюймдік Retina HD дисплейімен жабдықталатын ол iPhone SE 2 Plus деп аталуы мүмкін. Сонымен қатар, телефонға жақтаусыз дизайн қолданылмақ. Ал, бағасы кәдімгі iPhone-ға қарағанда әлдеқайда төмен болады деп болжанып отыр.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Илон Маск КҮН СӘУЛЕСІМЕН ҚУАТТАЛАТЫН телефон шығарды


Huawei, Samsung, Xiaomi, Apple...: Брендтер бәсекесінде қайсысы ҮЗДІК атанды?