ЖИНАЛМАЛЫ ЭКРАН: Қазір бәрі осындай телефон алғысы келіп жүр

0
4 632

Өндірушілер жаңа форматтағы өнімдерін нарыққа шығарып жатыр.


ЖИНАЛМАЛЫ ЭКРАН: Қазір бәрі осындай телефон алғысы келіп жүр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жиналмалы дисплейлері бар телефондар нарыққа жақсы "кірген" сияқты. Олай болмаса, смартфон өндірушілер шетінен осындай үлгідегі гаджеттерді шығармас еді. Мәселен, қазірдің өзінде әлемге танымал Samsung және Motorola компаниялары осындай құрылғыларды көптеп өндіруде. Ал, болашақта басқа компаниялардың да осы үлгіге қызығушылық танытатынына күмән жоқ. Тіпті, бірнеше өндіруші біз айтып отырғандай гаджеттердің таныстырылымын жасап үлгерді. Демек, тұтынушылардың көпшілігі экраны жиналмалы смартфонды алғысы келеді деген сөз. Осыған орай оырман назарына бірнеше смартфонды ұсынғалы отырмыз.


2022 Moto Razr


Елімізге смартфондар енді келе бастаған кезде Motorola компаниясының құрылғылары өте танымал болған. Бірақ, артынша өзге брендтердің дәуірі жүрген. Дегенмен, араға біраз уақыт салып, 2019, 2020 жылдары өтімді өнімдер шығара бастады. Ал, енді 2022 жылы Moto Razr деп аталатын тағы бір ерекше смартфоны пайда болды. Оның артықшылықтары – жақсы сипаттамалары және салыстырмалы түрде алғанда бағасының төмендігі.

Атап айтсақ, егер компанияның бұрынғы танымал модельдері шамамен 1400 АҚШ доллары немесе одан да көп бағамен сатылса, бұл құрылғының бағасы 900 доллардан аспайды. Бұл басқа компаниялардың өніміне қарағанда тиімді болмақ.


2022 жылғы Moto Razr-дың сипаттамаларына тоқталар болсақ:

  • Диагоналы 6,67 дюймді құрайтын OLED дисплейі, ажыратымдылығы 2400×1080 және FPS 144 Гц.
  • Сыртқы дисплей 2,7 дюйм, ажыратымдылығы 800*573.
  • Snapdragon 8+ Gen 1 SoC чипсеті.
  • 8 ГБ-тық жедел жады.
  • 128 ГБ-тық жад.
  • Екі камера – 50 Мегапиксел және 13 Мегапиксел.
  • Батареясының қуаты – 3500 мАч.


Жалпы, бұл құрылғыны жасар кезде ескі модельдердің кемшіліктерін түзеген. Сондықтан гаджет өз бағасына лайықты саналып отыр. Өкінішке қарай, Motorola-ның жиналмалы экраны бар телефоны нақты күні сатылымға шығатыны әлі белгісіз. Бірақ компания істі ұзаққа созбайды деп үміттенеміз.



Samsung ұсынған Galaxy Z Flip 4 және Galaxy Z Fold 4


Бұл корпорация икемді дисплейлері бар құрылғыларды өндіру, дамыту тұрғысынан бір орында тұрмайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Оңтүстік Кореядағы компания икемді экрандары бар смартфонның екі жаңа моделін ұсынып отыр. Әзірлеушілердің айтуынша, смартфондардың дизайнына алюминийден жасалған рама және Corning қорғаныш әйнегінің жаңартылған нұсқасы қосылған. Тиісінше, бұл жабдықтар құрылғыны күшейткен. Олар телефонды құлатып алғанда немесе басқа жағдайлардан экранды қорғап тұрады.


Сондай-ақ, Galaxy Z Flip 4-ке алғашқы үлгілеріне қарағанда қуаты көп батарея орнатылған. Атап айтсақ, қуаты 3300 мАч батареяны 3700 мАч-лік батарея алмастырған. Сонымен қатар, әзірлеушілер алдыңғы камера үшін «портрет» режимін қолжетімді еткен.


Смартфонның сипаттамалары:

  • Процессор: 8 ядролы Qualcomm Snapdragon 8 + Gen 1, 3,2 ГГц, Adreno 730.
  • Жад: 8 ГБ жедел, 128/256/512 ГБ тұрақты.
  • Камера: 12 Мп, f/1.8 (негізгі), 12 Мп, f / 2.2 (кең бұрышты); 10 Мп, f/2.4 (алдыңғы).
  • Батарея: 3700 мАч, жылдам қуаттау, сымсыз қуаттау.
  • Байланыс: USB-C, Wi-Fi 802.11 ax, Bluetooth 5.2, GPS, LTE, 5G, eSIM, NF
  • Ipx8 стандарты бойынша ылғалдан қорғау жүйесі бар.
  • Сондай-ақ, әзірлеушілердің айтуынша, күндіз де, түнде де керемет суреттер түсіретін камералары да жетілдірілген.


Galaxy Z Fold 4 смартфоны да алдыңғы телефонға ұқсас жабдықтарға ие болды. Және бұл смартфонға қарағанда планшетофонға қаттырақ ұқсайды. Не өзгерді деген сұраққа келетін болсақ. Әзірлеушілер ең алдымен экран әйнегін жұқа әрі мықты етіп ауыстырған. Сонымен қатар, экранды бүктеу механизмі шамамен 200 000 итерацияға төтеп бере алады.

Сипаттамаларға келетін болсақ:

  • Негізгі экран: 7,6 дюйм, 2176×1812, AMOLED, 120 Гц, Gorilla Glass Victus+қорғау;
  • Қосымша экран: 6,2 дюйм, 2316×904, AMOLED, 120 Гц;
  • Чип: Snapdragon 8 + Gen1;
  • Жад: 12+256 ГБ, 12 + 512 ГБ және 12 ГБ + 1 ТБ;
  • Батарея: 4400 мАч, жылдам қуаттау (25 Вт);
  • Камералар: негізгі модуль 50 Мп, кең бұрышты 12 Мп, телемодуль 10 Мп, алдыңғы (сыртқы) 10 Мп, алдыңғы (ішкі) 4 Мп;
  • Микробағдарлама: Android 12, One UI 5.0;
  • Басқалары: стерео динамиктер, IPX8 шаңнан қорғау жүйесі, 5G және eSIM қолдауы.



Pixel Foldable

Кей дереккөздердің ақпаратына сүйенсек, Google корпорациясы да жиналмалы дисплейі бар телефон шығармақ. Оны құрастыру 2022 жылдың үшінші тоқсанында басталады.


Өкінішке қарай, құрылғының сипаттамалары белгісіз. Инсайдерлер хабарлаған жалғыз нәрсе — бұл құрылғы бұрын-соңды болмаған алдыңғы камерамен жабдықталады.

Жүйе Tensor 2 негізінде жасалған, корпус металл немесе пластик емес, керамикалық. Әрине, арзан құрылғы болмайды.



TCL

Бұл да икемді дисплейлері бар құрылғылар нарығындағы бір гаджет. Суретте көрсетілген телефонды қытайлық TCL компаниясы жылдың басында ұсынған. Жалпы, бұл Samsung-тың аналогына өте ұқсас, бірақ оның бағасы небары 600 долларды құрамақ. Қазіргі уақытта бұл икемді дисплейлері бар ең қол жетімді телефондардың бірі болып отыр.

Құрылғының сипаттамалары орташа, бірақ көптеген мәселелерді шешу үшін жеткілікті. Сәйкесінше, 48 және 16 Мп сенсорлары бар артқы және алдыңғы камера болады. Дисплейдің арақатынасы 22:9 және ажыратымдылығы 1080×2400, бұл жаман емес. Батареясының қуаты – 3545 мА.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Смартфонды қайта жүктеу немесе өшіру. ҚАЙСЫСЫ ПАЙДАЛЫ?


ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІСІЗ БЕ? Одан арылуға мына әдістер КӨМЕКТЕСЕДІ