Жаңа жылдық сыйлық таңдай алмай жүрсіз бе?

0
4 641

Әлбетте, әр адам жаңа жылда сыйлық алуды ұнатады. Сондықтан, туған-туысқандары мен достарына сыйлық таңдай алмай жүрген адамдар үшін тамаша таңдаулар ұсынамыз.


Жаңа жылдық сыйлық таңдай алмай жүрсіз бе?

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

1. Тile Pro

Бұл гаджет үнемі өз заттарын таба алмай жүретін барлық адамдар үшін қолайлы. Кілттерге, әмиян, телефон немесе сөмкелерге тағылады. Гаджеттегі заттың жоғалғаны туралы хабарлайтын қатты дабыл тіпті шулы вокзалда да жақсы естіледі және картадан өз заттарын оңай тауып алуға мүмкіндік береді.


2. Apple Iwatch 4

Жаттығу залына баратындарға өте ыңғайлы және экожүйенің талаптарына сай келеді. Әрине, Apple-дің ақылды сағаттарының жаңа түрлері өте көп. Бірақ, дәл осы гаджет жүрек белсенділігінің датчигімен жабдықталған, ол төмен пульсті танып, шұғыл жағдайларда көмек көрсете алады.


3. Xiaomi Mi Band 3

Ең қолжетімді және көп функционалды гаджет спортпен шұғылданатын адамдар үшін ғана емес, кез келген заманауи адам үшін де пайдалы. Өйткені, бұл сағат жаттығу залындағы тиімділіктерден басқа, хабарламалардың ыңғайлы қатынасын, ауа-райын, сондай-ақ смартфондағы оятқыш және іздеу қызметтерін ұсына алады.


4. Apple Аіrpods

Смартфонға немесе смартсағатқа қосылатын тамаша құлаққаптардықораптан алып, құлаққа салсаңыз, сымның көмегінсіз-ақ әуендер ойнай береді. Сондай-ақ, 15-ақ минут ішінде қуатталатын құрылғы үш сағат өз күшімен жұмыс істей алады.


5. Apple TV 4K

Бұл сериалдар мен фильмдерді көруге арналған тамаша гаджет. Apple компаниясы ұсынған бұл құрылғы теледидардың жаңа түрлеріндегі 4К бейнесімен, HDR түсірілімімен және жағымды дыбысталумен жасақталған. Сондай-ақ, бұл гаджет Сізге ғаламторлық сервистер, онлайн-кинотеатрлар, мыңдаған ойындар мен қосымшалар дүкенін ұсына алады.


6. Baseus (20 000 мА/сағ.)

Мұндай көлемді сыртқы қуаттағышпен смартфонды, сағатты немесе құлаққапты, тіпті планшет пен ноутбукты да қуаттауға болады. Сондай-ақ, бұл гаджет «Quick Charge 3.0» қолдауы және құрылымының көптігінің арқасында барынша жылдам қуаттау қызметімен жасақталған.


7. WD My Pasport Ultra

Аталған құрал маңызды деректермен жұмыс істейтіндерге өте пайдалы.

Бұл құрылғыда кез келген деректердің резервтік көшірмелерін және сандық мазмұнын сақтау үшін жеткілікті жинақтағыш бар. Сонымен қатар, оңай қосылу, жазу мен көшірудің жоғары жылдамдығымен қамтамасыз етілген және жұмыс істеуге өте ыңғайлы.


8. SanDisk Extreme Portable SSD

Бұл гаджет фотографтар және операторлар үшін тамаша сыйлық болары сөзсіз. Себебі, салмағы 80-ақ грамм болатын қорғанышы бар ақпарат сақтағышқа шаң да, жаңбыр да, тіпті құлау да әсер етпейді. Жинақтағыш кез келген саяхатта сенімді серіктес бола алады және деректер жылдам жазылады.


9. JBL Charge 4

Музыкадан ләззат алатындарға ұнайды!

Бұл қуатты дыбыс зорайтқыш ылғалдан қорғайтын берік қабатпен және жоғарғы сападағы дыбыспен жасақталған. Сондай-ақ, бұл «колонканы» суға батыруға және екі смартфонға бір уақытта қосуға болады. Сонымен қатар, гаджеттерді қуаттауға, әуенді өз күшімен 20 сағатқа дейін тыңдауға мүмкіндік береді.


10. MacBook Air компьютері

Бұл құрылғыны жаңартуларды ұзақ күткен және жеңіл ноутбукты ұнататын барлық адамдарға сыйлауға болады. Себебі, жаңартылған дисплейі бар бұл гаджет нарықтағы ең қолжетімді портативті компьютерлердің ең жақсысы болып есептеледі. Сонымен қатар, жұқа әрі жеңіл ноутбк тез қуатталады және12 сағатқа дейін өз қуатымен тоқтаусыз жұмыс істей алады.


11. Nintendo қосқышы

Бос уақытында ойын ойнайтындар үшін керемет сыйлық!

Аталған гаджет үйде қуатталады және ойын ойнауға ыңғайлы жағдай жасай алады. Сонымен қатар, гаджет түрлі дисплейге, тіпті үлкен теледидарға да қосыла береді.


12. DJI Mavic Air

Кез келген жастағы балалар мен жасөспірім жігіттерге арналған бұл құрылғыда соқтығысудан қорғау жүйесі бар, ол оқыту үшін өте пайдалы. Ал ұшу техникасын игергеннен кейін, құрылғы пайдасы зор мол мүмкіндіктер сыйлай алады. Бұл құрылғының үш осьті тұрақтандыруы бар, жылдамдығы 70 км/сағ дейін жетеді және 20 минутқа дейін өз қуатымен әуеде бола алады.

Негізі бұндай сыйлыққа таптырмайтын гаджеттердің түрі өте көп. Біз солардың арасынан ең жақсыларын ғана ұсынып отырмыз. Жақындарыңызды қуантуыңызға тілектеспіз! Сәттілік!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жаңа жылдық керемет сыйлықтар (гаджеттер)


Ана мен балаға арналған өте пайдалы гаджеттер


Асүй шаруасын жеңілдетуге арналған гаджеттер