РЕКОРД жасаған ЕРЕКШЕ гаджеттер

0
2 873

Әлемде уақыт өткен сайын ерекше заттар мен құрылғылар пайда болып жатыр.


РЕКОРД жасаған ЕРЕКШЕ гаджеттер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Дегенмен, өндіріліп жатқан заттардың ішінде пайдалысы да, түкке тұрғысызы да болады. Ал, кейбіреулері көрген көзге оғаш болғанымен, нарықта нағыз хитқа айналады. Бүгінгі тақырып та өте көп сұранысқа ие болған қызықты гаджеттерге арналып отыр.


1. Еріні бар жастық

Бұл жастар арасында танымалдыққа ие болған біртүрлі тұрмыстық жабдық. Олай деуіміздің себебі – бұл жастық силикон ерінмен жабдықталған. Өндірушілердің айтуынша, жастыққа көптеген бойдақ қыз-жігіттер тапсырыс беретін көрінеді. Не үшін екені айтпаса да түсінікті болар.



2. Романтикалық кереует

Екі орынды кереуеттің басты ерекшелігі – бүйірмен жатқан адам үшін өте ыңғайлы болуы. Яғни, суреттен көріп отырғаныңыздай, жолақты матрастың ішіне төмендегі қолды түсіріп жатуға болады.


3. Қабаққа арналған желімді лента

Бұл қыз-келіншектерге арналған «пластырь». Ол кірпікке тушь жағатын кезде қолдануға өте ыңғайлы. Әдетте, желімді лентаның бір қорабында онға жуық данасы болады, ал ол қыздар үшін біраз уақытқа жетеді.


4. Аяққа арналған жапсырмасы

Құмда немесе шөпте жалаңаяқ жүрген кезде жағымсыз жағдайлардан қорғайтын бұл құрал табанға жабыстырылады. Оған түскен тапсырыстардың көбісін демалысқа шығатын адамдар береді екен.


5. Кез келген қалыпта ұйықтауға арналған жастық

Пішіні унитаз қақпағына ұқсайтын бұл жастық кез келген жерде ыңғайлы ұйықтау үшін арнайы жасалған. Бұл жабдықты көбіне көлік құралдарында, қоғамдық орындарда қолданады.


6. Өкше жапсырмасы

Бұл аяқкиімнің түрлі өлшемдегі өкшесіне киілетін құрал. Оның көмегіне өкшесі биік аяқкиіммен көлік басқарғанда немесе көшеде жүргеде желінбеу үшін жүгінуге болады.

Ең бастысы бұл құралдарды әлемдегі миллиондаған адам өз пайдасына қолданып жүр.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ұйқысы БҰЗЫЛҒАН адамдарға көмектесетін құрылғылар


Технологиялар туралы БІЗ СЕНЕТІН ЖАЛҒАН ақпараттар