Нәзікжанды арулар ҚАНДАЙ сыйлықты ұнатады?

0
2 984

Ертең әлемнің сегізінші кереметіне баланатын әйелдер қауымының мерекесі! Ал, Сіз жарыңыз, анаңыз немесе қыздарға қандай сыйлық бересіз? Арулар қауымы тек осы күні емес, өмір бойы сыйлық жасауға лайық!


Нәзікжанды арулар ҚАНДАЙ сыйлықты ұнатады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әйелдерге арналған гаджеттер – бірегей әрі сәнді заманауи технологиялар. Асқан шеберлікпен жасалатын мұндай құралдар әйелге, әпке-қарындасқа, анамыз бен қызымызған немесе құрбымызға өте пайдалы сыйлық болуы мүмкін.

Әйелдерге арналған гаджеттер пайда болған кезде елеусіз болған, бірақ уақыт өте келе олардың танымалдығы арта түсті. Өйткені әлемде ең көп сыйлық алатын осы арулар. Бүгінде әйелдерге арналған ғажап гаджеттердің көптеген нұсқалары бар.


1. Әмиян-қуаттағыш

Қазір қыз-келіншектердің телефоны үшін әмиянға ұқсайтын қуаттағыштан пайдалы зат жоқ секілді. Бұл құрылғы телефонның күтпеген сәтте өшіп қалмауына ықпал етеді. Құрал жинақы, сәнді және түрлі телефонды қуаттай алады. Дегенмен, оның көбі бір рет қана толық қуаттауға жетеді. Бағасы 10-15 мың теңге шамасында.

2. Сенсорлы айна

Мұндай айна таң ата салып бет-әлпетін ретке келтіретін сұлуларға қатты ұнайды. Өйткені сенсорлы айнаның интеллектуалды жарық жүйесі макияж жасауға көмектесе алады. Тіпті, сәні мен сапасы келіскен гаджетті телефон арқылы басқара аласыз. Бәрақ оны басқару да оңай емес, бағасы да айтарлықтай қымбат – 100-200 мың теңге аралығында.


3. Кәсіби стайлер – «барлығы біреуінде»

Әйелдерде шашты сәндеуге, кептіруге және түзетуге арналған түрлі құралдар бар. Оның бәрі көп орын алады, сондықтан кептіргіш, бұйралағыш, тегістеу және шашты күтуге арналған басқа да құрылғылардан құралған мультистайлер алған жөн. сияқты девайс пайда болды.

Алайда, оның бірнеше кемшіліктері де бар – жұмыс кезінде қатты дыбыс шығады, тек электр желісінен ғана жұмыс істейді. Бағасы – 35-40 мың теңге.


4. «Ақылды» қалам

Бет –әйелдер үнемі күтетін дене бөлігі. Ал, оның мінсіз көрінуі үшін опаны дұрыс жағу керек. Мына инновациялық қылқалам макияжды тез және сапалы жасауға мүмкіндік береді. Бұларды қолдану арқылы уақытты үнемдеп, дұрыс жағуды үйренеді. Бірақ, бағасы – 20 мың теңгеге жуықтайды.


5. Қауіпсіз фэн

Әр әйел тез арада кептіретін феннің шашқа тигізетін зиянын біледі. Оның әсерінен қайызғақ пайда болуы, қышу, шаштың ұштануы және түсуі сияқты мәселелер туындауы мүмкін. Ал, бағасы 70 мың теңгедей болатын мына фен сол мәселелерден құтылуға мүмкіндік береді.


6. Суда жұмыс істей береді

Әйелдер қауымы теріде түктің болмағанын қалайды. Осы құрылғының арқасында сол ойды іске асыра алады. Теріге ауырсыну сезімін түсірмейтін гаджет судың астында да жұмыс істей береді екен. Бағасы – 30-35 мың теңге.

7. Ақылды алқа

Бұл ақылды білезіктер сияқты белсенділікті бақылау, жанған калорияны өлшеу, жүріп өткен қашықтық және ұйқы сапасын бақылау сынды қызметтерді атқаратын бірегей гаджет. Оған қоса, тартымды алқаны мерекелік іс-шараларға да тағып баруға болады. Тіпті, оятқышы да бар гаджетті телефон арқылы басқарады. Бағасы – 40-50 мың теңге аралығында.



8. Қалта принтері

Көлемі ықшам, қолданылуы жеңіл принтерді телефонмен қосып, кез келген жерде сурет шығарып алуға болады. Бірақ, бір рет толтырған бояуы 10 суретке жетеді және мәтінді баса алмайды. Бағысы – 45-50 мың теңге.


9. Көңіл-күйді бақылайтын сақина

Кейде әйелдер өз көңіл-күйін түсіне алмайды, бірақ өнертапқыштар жүйке рецепторлары арқылы оның себебін анықтайтын сақина ойлап тапты. Ол эмоцияларды қадағалап, мәселемен күресуге мүмкіндік береді. Сақина жүйке жүйесінің сигналдарын өлшеп, талдап, смартфонға жібереді. Телефонға арналған қосымшасы тегін, өлшемі мен түсі әртүрлі болып келеді. Бағасы – 60-70 мың теңге.

10. Оятқыш қап

Қап секілді құшақтап жата беруге болатын оятқыштың шағын дисплейі бар. Негізгі қызметі – ояту, бірақ дисплейдің көмегімен жаңалықтар оқып, музыка тыңдауға және видеокөруге болады. Бағасы – 35-40 мың теңге.

Өзіңізге қымбат жанды қуанта біліңіз!


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


2020 жыл - КӨЛІКТІ автопилот жүргізеді, ТЕЛЕДИДАРДЫ орап алып кете бересіз


Смартфонсыз ӨМІР СҮРЕ алмайтындардың МЫНА ЗАТТАРЫ да болуы керек