Қыз-келіншектерді ҚУАНТУДЫҢ тиімді жолы

0
1 928

Жақында арулар мерекесі!


Қыз-келіншектерді ҚУАНТУДЫҢ тиімді жолы

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір көптеген қыз-келіншектер асүйде түрлі-түрлі тағам дайындауды хоббиге айналдырған десек те болады. Алайда, ескі жабдықтар оларға артық жұмыс «тауып» беретінін жиі байқаймыз. Сондықтан бірімізге ана, бірімізге жар, енді біріне әпке, қарындас болатын нәзік жанды аруларға мына құралдарды сыйлаған дұрыс. Ол үшін қуанбаса, ренжи қоймайды.


1. Бұқтыруға арналған құрал

Суға ұзақ уақыт бұқтырылатын тағамды дайындауға арналған бұл құрылғы қажетті температураны өзгертпей ұстап тұруға қабілетті. Ол үшін арнайы тетіктерін басу жеткілікті.


2. Қақпақ

Әрбір асхана ханшайымы қарапайым миксерді пайдаланып болғасын үстелдің үстін, қатты шашыраса қабырға мен жиһазды міндетті түрде тазалайтынын біледі. Ал, қазір ешқандай қосымша жұмыс туындатпайтын миксерге арналған тесігі бар қақпақ сатып алуға болады.


3. Шыны ыдыс

Шыны ыдыс – дәл қазіргі асүй тренді. Оның артықшылығы – бұрын көрмеген тамақтың пісу барысын теледидардағыдай бақылауға болады. Оның үстіне, мұндай ыдыс әдемі көрінеді және оңай жуылады.


4. Темір щетка

Ал, мына металл щетканың көмегімен қазанның түбін тез әрі оңай тазалауға болады.


5. Ақылды таразы

Бұл ақылды асүй таразысы өнімнің салмағын ғана емес, құрамын, мөлшерін, майлылығы мен калориясын анықтауға көмектеседі. Ол үшін телефонға арналған қосымшаны орнатып, құрылғымен байланыс орнатсаңыз жеткілікті.


6. Салқындатқыш

Заманауи «Juno» құрылғысы қысқатолқынды пеш сияқты, бірақ керісінше салқындату қызметін атқарады. Тек қажетті температура мен суыту уақытын енгізіп, «бастауды» бассаңыз болды.


7. Өзі араластырады

Электрлі «венчик» қажетті ингредиенттерді өздігінен араластыра алады. Тек оны ыдысқа қойып, қосу керек. Одан кейін басқа іспен айналыса беруге болады.


8. Дуршлаг

Екі табақтан тұратын бұл ыдыс тағамға қосылатын аскөк секілді өнімдердің қурап кетпеуін қамтамасыз етеді.


9. Салқындатқыш таяқша

Ал мына құрал кез келген ыстық сусынды немесе сұйық тағамды бірнеше минуттың ішінде салқындата алады.


10. Ақылды плита

Мына плитаны қолдану үшін алдымен мобильді қосымшасынан пісіретін тағамды таңдау қажет. Ал құрылғы соған сай уақыт пен температураны өзі таңдайды.


11. Шай қайнатқыш

Бұл – кофеварка сияқты құрылғы, бірақ шай қайнатуға арналған. Ол суды қайнатып қана қоймай, дәмді шай демдеп береді.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


2020 жыл - КӨЛІКТІ автопилот жүргізеді, ТЕЛЕДИДАРДЫ орап алып кете бересіз


Смартфонсыз ӨМІР СҮРЕ алмайтындардың МЫНА ЗАТТАРЫ да болуы керек