Компьютер тінтуірі 54 ЖАСҚА ТОЛДЫ: Ең алғашқысы ҚАНДАЙ ЕДІ?

0
3 447

Біз үшін қарапайым болып көрінетін гаджеттің даму тарихын білесіз бе?


Компьютер тінтуірі 54 ЖАСҚА ТОЛДЫ: Ең алғашқысы ҚАНДАЙ ЕДІ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Осыдан тура 54 жыл бұрын, 1968 жылдың 9 желтоқсанында алғашқы компьютерлік тышқан ойлап табылды. Оны американдық инженер Дуглас Энгельбарт жасап, өзінің өнертабысы туралы жұртшылыққа айтып, жұмыс принципін көрсеткен.


Әлбетте, алғашқы компьютерлік «тышқан» қазіргі «тышқанға» ұқсамайтын. Оның текше тәрізді ағаш корпусы, дөңгелектері және бір түймесі болды. Ішінде тінтуірдің алға-артқа және оңға-солға қозғалуына жауап беретін екі металл диск болды. Бірақ, дөңгелек немесе диагональды қозғалыстар жасау мүмкін болмады.

Компьютер тінтуірінің корпусы мен оған жалғанатын сым тышқанға ұқсағандықтан оны «тышқан» деп атаған. Дегенмен, Дугластың өнертабысы жақсы бағаланғанымен, алғашқы кезде жаппай сұранысқа ие болмады. Себебі, бағасы қымбат болатын. Біздің қазіргі ақшамызға шақсақ, шамамен 300 мың теңге тұратын.


Енді «тышқанның» даму тарихымен танысайық:


Алғашқы сериялық «тышқан»

Біраз уақыттан кейін Xerox компаниясы Дугластың өнертабысына қызығушылық танытады. Сөйтіп, инженерлер тінтуірдің дизайнын өзгертіп, компьютер жиынтығының бір бөлігі ретінде ұсынды. Құрылғы дискілерінің орнына үш түйме мен шар қойылды. Ал, корпусы пластикке айналды. Ол кезде гаджеттің құны шамамен 400 долларды құрады.

Шарикті дизайнның кемшілігі: шарға шаң жиналып, уақыт өте келе роликтерді бітеп тастайтын болған. Салдарынан курсор дұрыс жұмыс істемей немесе толығымен жабысып қалатын болған. Мұндай тінтуірді тек арнайы төсеніште ғана дұрыс пайдаланған. Ал, тінтуірдің дұрыс жұмыс істеуі үшін төменгі пластикалық панельді бұрап, роликтер мен допты алып, оларды тазалау керек болды.



Бірінші "алма" тышқаны

1983 жылы Apple Lisa тінтуірі жарыққа шықты. Оның бір батырмасы, пластикалық корпусы бар еді және бағасы 25 долларды құрады. Құрылғы Apple Macintosh-ты тарату арқылы танымал болды. Бұл гаджет әлемдегі алғашқы қолжетімді манипулятор болатын. Lisa тіпті арнайы бағдарламалар арқылы Windows жүйесін де қолдады.


Дөңгелегі бар алғашқы «тышқан»

Доңғалақты тінтуір пайда болғанға дейін парақтарды айналдыру жолағымен ауыстыруға тура келген. Олар қазіргі құжаттар мен браузерлерде де бар, бірақ бұрынғыдай пайдалы емес. Сондықтан инженерлер бұл үшін бөлек құрал қажет екенін түсініп, айналдыру дөңгелегін ойлап тапқан. Мұндай технологиямен жабдықталған алғашқы тышқан Microsoft корпорациясының intellimouse моделі болды. Ол 1996 жылы таныстырылды. Бағасы 84,95 долларды құраған. Жұмыс механизмі механикалық болғанымен, гаджет арнайы төсенішсіз жұмыс істеген.


Алғашқы оптикалық тышқан

Microsoft intellimouse моделін 1990 жылдардың соңында жаңартты. Жаңа нұсқа оптикалық сенсорлармен жабдықталған. Олар тышқанның үстел үстінде қозғалуын бақылайтын камералар мен лазерлерден тұрды. Артықшылығына тоқталсақ, доп жоқ болғандықтан гаджет бітеліп қалмады және істен шыққан жоқ. Кемшілігі – мұндай құрылғылар айна мен жылтыратылған беттерде нашар жұмыс істеді.



Алғашқы сымсыз тінтуір

1990 жылы Logitech MouseMan Cordless атты әлемдегі алғашқы лазерлік, сенсорлы әрі сымсыз тінтуірді ұсынды. Сезімтал, курсоры бұралмайтын және анық көрінетін лазері жақсы жұмыс істеді. Мұндай тышқанмен компьютерді айнадан басқа кез келген жерде басқаруға болатын. Сымсыз тінтуірді компьютерге қосу 27 МГц жиіліктегі радиобайланыс арқылы қамтамасыз етілді. Бір толық қуатпен бір айға дейін жұмыс істеуге болатын.


Әрі қарай не болды?

  • Өндірушілер қосымша түймелері бар модельдер жасады;
  • Дөңгелектен шығатын шуды азайтты;
  • Солақайлар үшін де тышқандар жасалды;
  • Ыңғайлы болу үшін өлшемдер мен пішіндерді өзгертті;
  • Лазердің сезімталдығы мен деректерді беру жылдамдығын жақсартты;
  • Тіпті, бір мезгілде бірнеше компьютермен жұмыс істей беретін тінтуірлер пайда болды.

Сосын, 2009 жылы Apple Magic Mouse тінтуірін ұсынды. Бұл футуристік дизайны бар тышқанда түймелер де жоқ. Тек сенсорлық тақта бар. Гаджет манипулятор мен трекпадты ауыстырды. Құрылғының басты ерекшелігі –көптеген функциялары. Мысалы, тінтуір құжаттарды масштабтауға, кәсіби бағдарламалармен жұмыс істеуге және басқару қимылдарын реттеуге мүмкіндік береді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Телефонды қанша уақыт ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?


Смартфонның МЫНА ФУНКЦИЯЛАРЫН ӨШІРІП қойыңыз. Әйтпесе, сізді БАҚЫЛАЙДЫ!