КЕРЕК КЕҢЕС: Ер адамдарға осы құрылғылар ҰНАЙДЫ!

0
5 490

Қазір ерлер қауымына сый-сыяпат жасалып жатқан кез емес пе?


КЕРЕК КЕҢЕС: Ер адамдарға осы құрылғылар ҰНАЙДЫ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта адамдардың тіршілігі әртүрлі тұрмыстық техникамен, сандық құрылғылармен, гаджеттермен тығыз байланысты. Мәселен, смартфон немесе компьютерсіз жұмыс істеу мүмкін еместей. Сондықтан ер адамдарға да мереке аясында гаджет сыйлаған абзал. Олардың ішінде мына технологияларға басымдық беруге болады:


Мультиметр. Егер сіз құттықтайтын адам электр желісімен көп жұмыс істейтін болса, көптеген функциялары бар мультиметрді сыйға тартыңыз. Бұл кез-келген еркекке ұнайтыны анық.


Фитнес білезігі. Бұл гаджет спортқа құмар жігіттерге қосымша шабыт сыйлап, спорттан алшақ адамды салауатты өмір салтына тартуы мүмкін. Ал, денсаулық – адам үшін ең басты байлық болып саналмай ма? Сонымен қатар, бұл құрылғының дамыған түрлері денсаулығыңыздың жай-күйін бақылап, пайдалы мәліметтер беріп отыра алады.


Компьютерде жұмыс істеуге арналған көзілдірік. Ал, мына көзілдірік дәл қазіргі ақпараттық технология заманында өте-мөте қажет саналады. Себебі, біз күн сайын монитордың алдында сағаттап отырамыз. Сондықтан көзімізге де қамқорлық жасағанымыз дұрыс.



Банкноттарды санайтын құрылғы. Кез келген әйел ерінің табысы арттырып, қалталы кәсіпкер болуын армандайтын шығар. Ал, ол үшін ер адамға моральдық қолдау қажет болады. Сондықтан оларға осындай банкнот санайтын құрылғыны сыйлаған тиімді болмақ.


Көпфункциялы компас. Мұндай құрылғы шын мәнінде көптеген гаджеттің қызметін атқара алады. Мысалы, сағат, күнтізбе, термометр, гигрометр, барометр, биіктік өлшегіш және т.б. Оны әсіресе балық немесе аң аулауды, альпинизмді, табиғат аясында демалуды ұнататын адамға сыйлап жатады.


Қосымша батарея. Біз бұл гаджетті «пауер банк» деп атаймыз. Ұялы телефон, тіпті ноутбуктарды да қуаттай беретін құрылғы адамдар арасында жиі сыйға тартылады. Ол көбіне түзде жүретін ерлерге қажет болатыны белгілі.


Автокөлікке арналған диагностикалық адаптер. Әрбір ер жүргізуші автокөлігінің жай-күйіне әрдайым алаңдап жүреді және қандай ақаулар болуы мүмкін екенін білгісі келіп жүреді. Ал, осы ойларын жүзеге асыратын диагностикалық адаптер оларға ұнайтыны сөзсіз.


Электрлік ұстара. Ерлер қауымының көбісі кемінде 2-3 күн сайын сақал-мұртын ретке келтіреді. Сондықтан олардың көңілінен осы бір электрондық құрылғы да шығатыны анық.


Құрал-сайман. Бұрағыш, тегістеуіш, бұрғы секілді құрал-саймандар нағыз ер адамға арналған гаджеттер емес пе? Әрине, сіз қуантатын адам мұндай құрылғылармен жұмыс істейтін болса. Сондай-ақ, дәнекерлеуге арналған үтік, көгал шөбіне арналған орақ сынды гаджеттерді де ерлер жақсы көреді.


Ноутбук немесе компьютер. Қазір бұл гаджеттердің керек болмайтын жері қалмады. Сондықтан бүкіл тіршілігіміздің арқауына айналған технологияларды отбасын асырайтын ерлерге сыйлаған дұрыс.

Көптен күткен Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Осыдан 10 жыл бұрын ХИТ болған гаджеттер есіңізде ме?

Электросамокат таңдағанда мынандай белгілеріне МӘН БЕРУ қажет