ИНТЕРНЕТ пен ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ қатысты ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ деректер

0
8 115

Әлем халқының қанша пайызы интернетті пайдаланады, әлеуметтік желілер аудиториясы қанша және адамдар қанша сағатын ғаламторда өткізеді?


ИНТЕРНЕТ пен ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ қатысты ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ деректер

иллюстрациялық фото ашық дереккөзден

We Are social креативті агенттігі және SMM Hootsuite қызметі Digital (Digital 2022 Global Overview Report) саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы жаһандық зерттеуін жариялады. Олардың мәліметтері бойынша әлем халқы 7,91 миллиард адамды құрайды. Олардың 67,1%-дан астамы ұялы телефон пайдаланады екен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1,8%-ға өсіп, тағы 95 млн. бірегей абонент ұялы байланысты пайдалана бастаған. Ал, олардың жалпы саны 2022 жылдың басында 5,31 млрд-қа жеткен.

Сондай-ақ, әлем халқының 62,5%-ы интернетті пайдаланады. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны 10-нан астам пайыз өсіп, 4,62 млрд-қа жеткен. Бұл әлем халқының 58,4%-ы.

Соңғы 10 жылда интернетті пайдаланушылар саны екі еседен астам өскен. CAGR (compound annual growth rate) дерегі бойынша бұл көрсеткіш бойынша орташа жылдық өсу қарқыны шамамен 8,6%-ды құрайды.


We Are social сарапшыларының мәліметтері бойынша, соңғы онжылдықта әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны 3,1 есеге (12%-ға) өскен. 2012 жылы олардың саны 1,48 млрд. болса, қазір жоғарыда айтқандай 4,62 млрд-қа жеткен. Зерттеулерге сәйкес, әлемдік пандемия бұл көрсеткішке оң әсер тигізген. Мәселен, 2021 жылы әлеуметтік желілерге 424 миллион қолданушы қосылға. Бұл күніне орта есеппен 1 миллионнан астам, секундына 13 жаңа пайдаланушы қосылып жатыр деген сөз.

Тиісінше, дүниежүзіндегі интернетті пайдаланбайтын адамдардың саны алғаш рет 3 миллиардтан азайған. Демек, қазір жаһандық цифрландырудың маңызды кезеңі жүріп жатыр деп айтуға болады.



Ең танымал әлеуметтік желілер

Бүкіл әлем бойынша интернет қолданушыларының 14,8%-ы Instagram-ды өздерінің сүйікті әлеуметтік желісі деп санайды, ал Facebook-ке дауыс бергендер үлесі 14,5%-ды құрайды. Ал, көш басында 15,7%-дық көрсеткішке ие болған WhatsApp тұр.

Бір қызығы – пайдаланушылар берген дауыстардың 99%-ы Қытайдан келгеніне қарамастан, қытацлық WeChat желісі төртінші орында тұр. Tik tok жалпы дауыстың тек 4,3%-ын жинаған. Алайда, соңғы үш айда Tik tok-ты өзінің сүйікті әлеуметтік платформасы деп санайтын адамдардың саны 71%-ға өскен. App Annie мәліметтері бойынша, Tik Tok мобильді қосымшасы 2021 жылы ең көп жүктелген және платформа жарнамалық қамтудың айтарлықтай өсуін жалғастыруда.



Пайдаланушылар интернетте қанша уақыт өткізеді

Қазір орташа есеппен әр пайдаланушы интернетте күніне жеті сағатқа жуық уақыт өткізеді, яғни адамның ояу өмірінің 40%-дан астамы ғаламторда өтеді. We Are social сарапшыларының болжамы бойынша, 2022 жылы бүкіл әлемдегі пайдаланушылар интернетте 12,5 триллион сағаттан астам уақыт өткізеді.

Әсіресе, Оңтүстік Африка елдерінің тұрғындары желіде ең ұзақ отыратындар қатарында. Филиппин, Бразилия және Колумбия тұрғындары орташа есеппен интернетте күніне 10 сағаттан астам уақыт өткізеді.



Пайдаланушылар көп уақыт жұмсайтын желілер

YouTube қолданушылары желіде айына 23,7 сағатын өткізеді дейді сарапшылар. Android иелері Facebook-ке айына орта есеппен 19,6 сағат жұмсайды екен. Өткен жылы бір пайдаланушының орташа айлық уақыт көрсеткіші Facebook, YouTube және WhatsApp-та салыстырмалы түрде бірдей болған.


Пайдаланушылар әлеуметтік желілерде не істейді?

16-64 жас аралығындағы әрбір төртінші пайдаланушы жұмыс істеу үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады екен. Алайда, көптеген дамушы елдерде бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары. Есеп бойынша, Кениядағы еңбекке жарамды жастағы 10 интернет пайдаланушының 4-тен астамы (41,5%) әлеуметтік желілерді жұмыс зерттеулері үшін пайдаланатыны анықталған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


«Ақылды таразы» қалай жұмыс істейді? ОҒАН СЕНУГЕ БОЛА МА?


Коммуналдық шығынды ҮНЕМДЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫЛАР