Ғалымдар КЕЗ КЕЛГЕН бактерияны 10 секундта жоятын құрылғы ойлап тапты

0
6 188

Оны алып жүру де, қолдану да өте оңай.


Ғалымдар КЕЗ КЕЛГЕН бактерияны 10 секундта жоятын құрылғы ойлап тапты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі өндірушілер нарыққа адам тіршілігін жеңілдететін әрі тартымды құрылғыларды шығаруда. Олармен сіз жылдам әрі оңай жүре аласыз, денсаулығыңызға қамқорлық жасай аласыз, демалысты көңілді өткізіп, өмірден ләззат ала аласыз. Солардың ішіндегі бірнешеуін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Оларды адамдар пайдалы болғаны үшін ғана емес, тартымды болғаны үшін де сатып алуға тырысады.


1. Үрлемелі электроскутері


ACM SIGCHI компаниясының Рoimo атты электроскутері ықшамды жүксалғышқа орналастырылған, яғни өзіңізбен алып жүруге ыңғайлы. Өйткені жеңіл салмақты жүк кез-келген жерде өзіңізді жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Ал, қажет болған жағдайда, кішкентай жүкесалғыш сөмкені үрлеп, көлік құралына айналдыруға болады. Скутерге айналдырып аласыз да, мініп алып жақын жерлерге қатынай бересіз. Бір оқпен екі қоян атқандай.


2. Magbak halo

Күн сайын біздің қолымызға ұстаған заттардан көптеген бактериялар мен кір жұғады. Сондықтан, әсіресе көшеге шығып келгеннен кейін қолды жуу денсаулық үшін өте маңызды. Алайда, бұл қағиданы ұстанбайтындар да жетерлік.

Қазір смартфондар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ал, телефонды көбіне қолмен ұстайтындықтан оның таза болуы керек. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өнертапқыштар Magbak halo құрылғысын ойлап тапты. Ол телефондағы барлық кір мен бактерияны құрылғыға зиян тигізбестен тиімді әрі тез жоя алады. Ол үшін смартфонды құрылғының ішіне орнатып, жарты минут күтсеңіз болғаны. Бастысы – деннің саулығы.


3. Zeltini Z-Triton

Zeltini Z-Triton – бұл қайық, велосипед әрі көлік құралындағы кішігірім жайлы үйшік. Бұл бірегей өнертабыс нағыз саяхатшыға арналған. Ол сенімді түрде жолға шығып, кез келген жерге жайлы әрі көңілді жетуге көмектеседі. Құрылғының алдында бір үлкен және артында екі кішкентай дөңгелек бар. Ол оңай қозғалуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, екі адам жатып демала алатын ағаш кабинасы бар. Қажет болса, доңғалақтарды көтеріп, сумен жүзетін қайыққа айналдыра аласыз. Қосымша күш ретінде қуаты 250 Вт болатын екі электрлі қозғалтқышпен жабдықталған.


4. Rodless reel

Қалтаға салып жүруге арналған шағын қармақ балыққұмарларға таптырмас құрылғы. Оны кез келген жерде алып жүре бересіз. Шағын қармақтың шамасы тек кішкентай балықтарға ғана емес, үлкен балықтарға да жетеді. Оның барлық механикалық бөлігі тот баспайтын болаттан, ал орауышы мен катушкаласы полипропиленнен жасалған. Қолданылуы да өте оңай.


5. Fuhai


Бұл дезинфекциялық құрал ультракүлгін сәулелер арқылы жұмыс істейді. Ол адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін микробтар мен қоздырғыштарды жояды. Көлемі ықшамды, жиналмалы әрі сәнді құрылғыны кез келген жерде өзіңізбен бірге алып жүре аласыз. Оның көмегімен дәретханадағы, ваннадағы бактерияларды жойып, жиі қозғалатын заттарды, есіктің тұтқаларын және т.б. жою арқылы үйді тазартуға болады. Бір затты тазарту үшін ары кетсе 20 секунд жеткілікті болады.


6. Oyo fitness

Көпфункциялы тренажер үй жағдайында спортпен шұғылдану үшін өте тиімді құрылғы. Оның көмегімен өзіңізге қолайлы жүктемені реттеп, дененің кез-келген бұлшықетіне жаттығу жасай аласыз. Сондай-ақ, жиналмалы тренажерді кез келген жерде бірге алып жүруге болады. Оның өзіне тән бағдарламалары құрылғыны салмағыңызға, физикалық дайындығыңызға және келбетіңізге сәйкес етуге мүмкіндік береді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Смартфон дәретхана унитазынан да ЛАС болады!


Кинодан ғана көрген ҒАЖАЙЫП гаджеттерді ҚОЛДАНА аласыз