Ерлер қауымын ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚПЕН қуантуға болады?

0
2 700

Бұл құрылғылар ерлерге ұнайтыны сөзсіз.


Ерлер қауымын ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚПЕН қуантуға болады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Гаджет – ер адамға арналған сыйлықтың ұтымды нұсқасы. Өйткені, мұндай сыйлық сөреде шаң басып тұрмайды және қолданған сайын сізді еске алады. Сондықтан ерлерге сыйлауға болатын гаджеттерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Фитнес-білезік

Ер адамдар қандай спортқа жақын болса да, фитнес-білезік алғанына қуанады. Себебі, қазіргі білезіктер спортзал сабақтары, жүгіру, велосипедпен жүру, серуендеу, жүзу сынды әртүрлі жаттығулардың түрлеріне бейімделеді. Яғни, мұндай гаджет жаттығу нәтижелерін бақылауға көмектесіп, жаңа рекордтарға жетелейді.

Қазіргі ең танымал фитнес-білезік – Xiaomi ' s mi Smart Band 7. Ол жүрген қадамдардың санын бақылайды, жаттығу кезінде жүрек соғу жиілігін және қандағы оттегінің мөлшерін дәл есептейді, 120 спортты қолдайды, тіпті төзімділікті көрсетеді. Білезік суда да жұмыс істей береді. Сонымен қатар, смартфоннан хабарлама жіберу, ауа-райын, уақыт пен күнді көру қызметтерін де атқарады.



Ақылды сағат

Ақылды сағаттар фитнес-білезіктен дербес операциялық жүйенің болуымен ерекшеленеді. Бұл жүйе оларға смартфонмен ғана емес, бөлек жұмыс істеуге де мүмкіндік береді. Егер модельде микрофон мен динамик болса, ақылды сағат қоңырау шалуға немесе оны қабылдауға, күнтізбеде еске салғыш жасауға немесе музыканы тікелей құрылғыдан ойнатуға қабілетті болады. Демек бұл құрылғыны жастарға да, егде жастағы адамдарға да сыйлай аласыз. Сонымен қатар, ата-аналар үшін баланың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін ақылды сағаттар да бар.


Ақылды динамик

Егер сіздің жақын адамыңызда әлі ақылды динамик болмаса, ол есте қаларлық сыйлық болады. Мұндай динамиктің басты айырмашылығы – кіріктірілген дауыстық көмекшісі. Себебі, ол бәріне көмектесе алады: еске салғыш пен таймер қою, такси шақыру, өнімдерге тапсырыс беру, ойын ойнау, жаңа тілді үйренуге көмектесу және басқалары. Мұндай гаджет кез-келген жастағы адамға лайықты.


Сымсыз құлаққаптар

Бұл да ер адамға пайдалы болатын таптырмас аксессуар. Әсіресе, жүгіруді ұнататындар, велосипедпен жүретіндер немесе ашық ауада жаттығу жасайтындар үшін.


Капсула кофеқайнатқышы

Таңертеңгі дәмді кофе – көңілді және жақсы күннің кепілі. Тиісінше, қазір капучино, латте немесе эспрессо ішу үшін адамдарға үлкен кофе машинасын сатып алудың немесе кофеханаға барудың қажеті жоқ. Яғни, кішігірім кофеқайнатқыштар бар.


Электрлік ұстара

Жақсы ұстара – кез келген ер адамға ұнайтын сыйлық. Себебі, бұл қырыну процесін жеңілдетеді, тітіркену мен кесіп ал аз болады. Демек, әсіресе терісі сезімтал ер адамдар үшін өте тиімді.


Шаш қырқатын машинка немесе қайшы

Мұндай сыйлықты әсіресе қысқа шаш үлгісін ұнататындар, мұрт немесе сақал өсіретіндер жақсы көреді. Өйткені, триммер өте қысқа етіп кесу процесіне көмектесе алады. Триммердегі қозғалмалы және қозғалмайтын пышақтың тістері өте жақын орналасқан. Соның арқасында құрал нақты сызық жасай алады. Құрылғы сақалдың пішінін және кесудің дәлдігін сақтайды.


Электрлік құралдар

Электрлік құралдар тұрмыстық замттарды жөндеу жұмыстарын жеңілдетеді. Мұндай сыйлықты әсіресе қолмен жұмыс істегенді ұнататын ер адамдар ерекше бағалайды. Дегенмен, ер адамның сыйлық ретінде қандай құралды алғысы келетінін алдын-ала сұрап алған дұрыс. Себебі, бұл санатта әмбебап құралды таңдау қиын.


Дайындаған: Б.мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


КӨЛІКТЕРГЕ жанармай мен газ құюдың ҚАЖЕТІ БОЛМАЙДЫ


Жыл сайын 74 миллион тонна құрылғы ҚОҚЫСҚА ТАСТАЛАДЫ