Бұл бағдарламалар Сіздің компьютеріңізде міндетті түрде болуы керек

0
7 211

Компьютер сатып алғаннан кейін, қандай бағдарламаларды орнату керек? Сіз үшін ең қажетті бағдарламаларды жинақтадық.


Бұл бағдарламалар Сіздің компьютеріңізде міндетті түрде болуы керек

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Microsoft өзінің операциялық жүйесін жыл сайын жетілдіріп жатса да, ешқандай өзгеріссіз-ақ өз құнын сақтап қалған бағдарламалар бар. Оларды компьютері бар адамның барлығы қолданады десек, артық айтқанымыз болмас. Ендігі сөз сол бағдарламалар жайында болмақ. Таңдауды қалай жасаймыз?


Ақылы немесе тегін

Бұл екі санаттағы бағдарламалардың тиімділігі пайызбен айтқанда 50 де 50. Дегенмен, қосымша шығын шығарғыңыз келмесе, кез келген қызметті орындайтын кем дегенде бір бағдарлама болады. Бірақ, ақылы бағдарламалар тегінге қарағанда көпфункционалды, көлемді жұмыс пен кәсіби қызметке қолданғанға қолайлы болады. Жік-жігімен қарастырсақ.


Антивирус

Антивирус – компьютерге қажетті қорғаныс. Сондықтан оны жаңа компьютерге Windows жүйесін орнатқаннан кейін бірден жүктеген дұрыс.Әлбетте, ақылы антивирустар кез келген жағдайда мәселені оңай шешіп, вирустарды оңай жояды. Оның ішіндеең көп таралғаны: DrWeb, Kaspersky Antivirus және Eset NOD32. Ал, таңдау әркімнің жеке ісі. Айта кетейік, ешқандай антивирус 100% қорғаныс бола алмайды.

Ал, тегін антивирустардың ішінде Avast, AVG, Avira және Comodo Antivirus деген түрлері жақсы бағаланады. Егер, тегін антивирус орнататын болсаңыз, айына кемінде бір рет компьютерді DrWeb CureIt утилитасымен тексеруді ұмытпаңыз!


Ғаламтор браузері

Өндірушілер тұтынушылардың тиімділігі үшін бірден-бір стандартты ғаламтор-браузер Internet Explorer/Edge-ні ұсынады. Сонымен қатар, қазір Google Chrome, Яндекс-браузер, Opera, Mozilla FireFox деген қолайлы түрлері бар. Миллиондаған адам күнделікті қолданатын бұл бағдарламалар тегін. Бүгінде солардың ішіндегі Яндекстің танымалдылығы артып келе жатыр. Дегенмен, әр адам өз талғамына қарап таңдайды. Мысалы, жылдамдықты қалайтындар Opera-ны, қарапайымдылықты қалайтындар Mozilla FireFox-ты, ал стандартты сүйетіндер Internet Explorer-ді таңдап жатады.


Мұрағат немесе архиватор

Негізі Microsoft Windows қарапайым архиваторлармен жұмыс істей алмайды. Сондықтан, қажетті мұрағат форматтарын қабылдай алатын WinRAR бағдарламасын орнату керек. Сонымен қатар, балама нұсқа ретінде 7-Zip бағдарламасын қолдануға болады.


Кеңсе бағдарламаларының пакеті

Мәтін және графикамен жұмыс істеу үшін міндетті түрде Word, Excel PowerPoint бағдарламалары керек. Сонымен қатар, ноутбукқа арналған OpenOffice және компьютерге WPS Office кеңсе пакеттерін жүктеуге болады. Ал, PDF кітаптарын оқу үшін Сізге Adobe Acrobat Reader қажет болады. Ол көптеген мүмкіндік сыйлайтын тегін бағдарлама.


Мессенджер

Қазір ғаламтор арқылы бүкіл әлеммен тегін сөйлесуге болады. Ол үшін Skype, Viber, WhatsApp сынды өте кең таралған бағдарламаларды қолдану қажет. Аталған бағдарламалар тегін, дыбыстық және бейне қоңырауларды, чатты қолдайды. Айта кетейік, бұл бағдарламалар сіз сөйлесетін адамның да құрылғысында да болуы және телеффондағы бағдарламаның компьютермен байланысуы керек. Мәселен, қазір телефондағы WhatsApp-ты штрихкод арқылы компьютердегі WhatsApp Web бағдарламасына қосуға болады.


Total Commander файл менеджері

Драйверлерді орнатқаннан кейін, осы файл менеджерді орнату қажет. Бұл файылдық жүйеге қолжетімді болуын қамтамасыз ететін бағдарлама. Ол арқылы файлдарды көшіру немесе өзгерту әлдеқайда оңай.


Пошта клиенті

Әдетте адамдар электронды поштаны тексеру үшін сайтқа кіріп, кіріс жәшігіне кіреді. Ал, бұл тиімсіз әрі ыңғайсыз, әсіресе бірнеше поштаңыз болса. Мұндай қолайсыздықтан құтылу үшін серверге қосылып, барлық поштаны шолып, хабар беріп отыратын The Bat немесе Mozilla Thundrebird бағдарламаларын орнатып алған жөн. Олар хат-хабарды шолумен қатар, сақталуын да қамтамасыз етеді.


Ыңғайлы аудио және бейне ойнатқыш

Әдетте компьютерлерде стандартты Windows Media Player ойнатқышы болады. Бірақ, бұл ойнатқыш, тіпті кез келген басқа да ойнатқыш бәріне бірдей ұнайды деп айта алмаймыз. Сондықтан, аудиоға бөлек, видеоға бөлек бағдарлама қолданған дұрыс. Мәселен, видео үшін GOMPlayer, Light Alloy, VLC Player, ал аудиоға WinAMP немесе AIMPбағдарламаларын қолданған тиімді.


Торрент

Бүгінде көптеген адам ғаламтордан қандай да бір файлды жүктеу үшін Torrent бағдарламасын қолданады.


Құпиясөз менеджері

Компьютердегі барлық логиндер мен құпиясөздерді сақтауға және кез келген уақытта ұмытқаныңызды еске салуға арналған бағдарламалар да бар. Олардың ішінде RoboForm және LastPass деген түрлері көптеген оң пікірге ие болған.


Тазалық жүйесі

Windows-тың 7, 8 және 10-ыншы жүйесімен жұмыс істейтін компьютерлерге пайдалы бағдарлама – CСleaner. Ол операциялық жүйе мен бағдарламаларды қажетсіз ақпарат, яғни қоқыстан айына бір рет тазалауға арналған. Ал, қоқыс құрылғының жұмысын нашарлатады. Сондай-ақ, бұл бағдарлама браузерлердің де жұмысына оң әсерін тигізеді.


Бейне және аудио кодектер жиынтығы

Әдетте, Windows видео мен аудионың ең негізгі форматтарын ғана ойната алады. Ал, басқа форматтарды қолдау үшін сіздің құрылғыңызға K-Lite Codec Pack немесе Win7Codecs бағдарламаларын орнату қажет.


Дискі жазуға арналған бағдарлама

Қазір DVD дискілері бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз қолданылады. Бірақ түбегейлі жойылып кеткен жоқ. Сондықтан дискілерді жазу үшін Nero Burning ROM немесе Jetbee Free Imgburn бағдарламаларын қолданған тиімді.

Құрметті оқырман, технологияны меңгеру үшін сол саладағы суатыңызды арттырған абзал.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАСҚА АДАМҒА БЕРМЕҢІЗ! Телефон вирус тасымалдайды


НАМАЗ оқуды смартфоннан да ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ